Об установлении карантина Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7)- тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 2-13/114 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінің аумағында орналасқан «Саят» шаруа қожалығының ұсақ малдары арасынан шешек ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.