Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и промышленности Атырауской области» Қолданыста
Басқа 0
«Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 81 «Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2, 3 және 6-тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы «18» шілдедегі
№ 130 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы «18» шілдедегі
№ 130 қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында кәсіпкерлікті дамыту және негізгі бағыттарды қолдау, сауда, өнеркәсіп, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестицияларды тарту және әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасы мониторингін жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Кәсіпкерлікті, сауданы, азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі;
Тармақша 2
2) сауда мәселелерінде шаруашылық жүргізуші субьектілерді, кәсіпкерлерді, жеке тұлғаларды ақпараттандыру;
Тармақша 3
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) шағын және орта бизнес субъектілерін ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау;
Тармақша 5
5) өңдеу өнеркәсібін дамуы үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру және дамыту;
Тармақша 6
6) инновацияларды тиімді енгізуді және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;
Тармақша 7
7) инвестициялық ахуалды жетілдіру және отандық тауарлардың экспорттық әлеуетін дамыту;
Тармақша 8
8) өз өндірісін дамыту арқылы импортқа тәуелділікті қысқарту;
Тармақша 9
9) ұлттық экономикаға инвестициялар тартуды ынталандыратын реттеуші ортаны және инновациялық қызметке қолайлы экожүйе қалыптастыру.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1
1) Атырау облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз кұзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 2
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен жиналыстар өткізу;
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіппен облыстың атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Басқарманың өз құзырына жататын мәселелер жөніндегі өз функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;
Тармақша 4
4) белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарына Басқарманың қызметі туралы ақпарат беру;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру;
Тармақша 7
7) белгіленген тәртіппен облыс әкіміне Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын енгізу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарында, заңды тұлғаларында басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша. облыс әкімдігінің мүддесін білдіру;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
Тармақша 10
10) тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
Тармақша 11
11) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 1
1) өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) облыс әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп беру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен белгіленген, сондай-ақ оған облыс әкімдігімен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
Тармақша 5
5) Басқармаға жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарайды және өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа да мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді; реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді;
Тармақша 2
2) Бірыңғай есеп беру күнін ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 3
3) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдау;
Тармақша 4
4) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беру бойынша қағидалары;
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша қағидалары;
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру бойынша қағидалары;
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субьектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру бойынша қағидалары;
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субьектілерінің бәсекеге қабылеттілігін арттыруға бағытталған «Бәсекеге қабілеттілік» инвестициялық гранттарын беру қағидаларымен көзделген аймақтық үйлестіруші функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңес жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту мақсатында жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту мақсатында жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 10
10) электрондық сауданы дамыту;
Тармақша 11
11) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
Тармақша 13
13) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 14
14) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, сондай-ақ инновацияларды дамыту жөніндегі индикаторларға қол жеткізу туралы ұсыныстар береді;
Тармақша 17
17) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және және соған жауапты болады;
Тармақша 18
18) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 19
19) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдау;
Тармақша 20
20) жекеше индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу;
Тармақша 21
21) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу;
Тармақша 22
22) жалпы санының елу пайызынан кем емес кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құру;
Тармақша 23
23) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу;
Тармақша 25
25) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;
Тармақша 26
26) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
Тармақша 27
27) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;
Тармақша 28
28) тиісті аумақта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 29
29) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсету, оларды қоса қаржыландыруға қатысу;
Тармақша 30
30) жоғары технологиялық өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологиялар ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістерді құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 31
31) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысу;
Тармақша 32
32) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз етуге қатысу; 33) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 32-1
32-1) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 32-2
32-2) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасайды;»
Тармақша 32-3
32-3) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
Тармақша 32-4
32-4) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
Тармақша 32-5
32-5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 32-6
32-6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
Тармақша 32-7
32-7) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін облыста ғылым жөніндегі кеңестерді құрады;
Тармақша 32-8
32-8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 32-9
32-9) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 32-10
32-10) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 32-11
32-11) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
Тармақша 34
34) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
Тармақша 35
35) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде береді;
Тармақша 36
36) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты береді;
Тармақша 37
37) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 38
38) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетеді; 39) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асырады және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат береді;
Тармақша 40
40) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-иммигранттарға уақытша тұруға арналған рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат береді.
Тармақша 41
41) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
41-1) Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру.
Тармақша 42
42) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, сотта және басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 7
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
6. Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 24
Тармақ 1
1. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.