Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры и развития языков Атырауской области» Қолданыста
Басқа 0
«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 208 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы «18» шілдедегі
№ 126 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы «18» шілдедегі
№ 126 қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша мәдениет және тіл саясаты басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77.
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) театр, музыка өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады;
Тармақша 5
5) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
Тармақша 6
6) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 10
10) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
Тармақша 11
11) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
Тармақша 12
12) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін беру жөнінде жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 13
13) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 17
17) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;
Тармақша 22
Тармақша 23
23) уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 24
24) тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 25
25) қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және береді, тарих және мәдениет ескерткішінің меншiк иелерi мен пайдаланушыларының оларды орындауын бақылайды;
Тармақша 26
26) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 27
27) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 28
28) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi;
Тармақша 29
29) уәкілетті органмен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тануды және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 30
30) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айыру және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 30-1
30-1) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану заңнамасында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану.
Тармақша 31
31) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 32
Тармақша 33
33) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;
Тармақша 34
34) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 34-1
34-1) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың орындалу барысы туралы талдамалық жиынтық ақпаратты енгізу жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 34-2
34-2) тілдік кемсітушіліктің алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 34-3
34-3) Қазақстан Республикасы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 34-4
34-4) қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
Тармақша 34-5
34-5) мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 34-6
34-6) Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізіп және оларды БАҚ-та насихаттау;
Тармақша 34-7
34-7) мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолдану салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 34-8
34-8) шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
Тармақша 34-9
34-9) этностардың ана тілдерін оқытуға жағдай жасау мәселелері бойынша этно-мәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастықты арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 34-10
34-10) мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжатайналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу;
Тармақша 34-11
34-11) ресми интернет- ресурстарға мониторинг жүргізу;
Тармақша 34-12
34-12) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу;
Тармақша 34-13
34-13) мемлекеттік дерекқор «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 34-14
34-14) республикалық «Тарихи тұлғалар» тізіміне ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 34-15
34-15) көше аншлагтарын жазу және орналастыру тәртібі туралы ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 34-16
34-16) қоғамда қарама-қайшы пікір тудырмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне, мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру, қайта атау, транскрипциясын нақтылау мен өзгертуді талап ететін 2024-2028 жылдарға арналған тиісті Жол картасын қалыптастыру;
Тармақша 34-17
34-17) ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 35
35) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) өзінің орынбасары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 7
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1
1. Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 1
1. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 3
3. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық Махамбет Академиялық атындағы қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 4
4. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 5
5. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 6
6. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 7
7. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Махамбет тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
Тармақ 8
8. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 9
9. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мақат тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 10
10. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Атамұра» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау Жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».