Об определении оператора данных контрольных приборов учета в сфере производства и оборота нефтепродуктов Күшін жойған
Басқа 0
Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі