О порядке периодичности передачи бюджетных изъятий, передаваемых из бюджетов районов (городов) в областной бюджет и выделения субвенций из областного бюджета в бюджеты районов (городов) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алымдардың берілуі мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлу мерзімділігінің тәртібі Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 8 бабының 2-1 тармағына сәйкес облыстық мәслихат шешiм еттi:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Орал қаласының мәслихаттарымен келiсiлген «Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алымдардың берiлуi мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлудiң мерзiмдiлiгінің тәртiбi бекiтiлсiн (қосымша)
Тармақ 2
2. «Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алымдардың берiлуi мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлу мерзімділігінің тәртібі» туралы облыстық мәслихаттың 2003 жылдың 19 сәуiрiндегi  N 30-3  шешiмінің күшi жойылсын.
Басқа 3. Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алымдардың берiлуi мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлу мерзiмдiлiгінің ТӘРТIБI.
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 4-3 шешiмiне қосымша Аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алымдардың берiлуi мен облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге субвенция бөлу мерзiмдiлiгінің ТӘРТIБI. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңының  8-бабының 2-1 тармағына  сай әзiрленген және тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi бекiту туралы шешiмдi орындау үшін аудандық (қалалық) бюджеттерге облыстық бюджеттен субвенция (әрi қарай субвенциялар) бөлу және облыстық бюджетке бюджеттiк алымдар (әрi қарай бюджеттiк алымдар) аударуды қамтамасыз ететiн төменгi бюджеттермен өзара қарым-қатынас тетiгiн анықтайды.
Тарау 4. І. Бюджеттiк алымдар.
І. Бюджеттiк алымдар.
Тармақ 1.1
1.1. Облыстық қаржы басқармасы тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешiм күшіне енгеннен кейiн екi апта мерзiмiнде бiр жылға белгiленген бюджеттiк алымдар көлемiнен бюджеттiк алымдар мерзiмдiк пайызын (әрi қарай алымдар пайызын) анықтайды және оны аудандар (қалалар) әкімдерiне мәлiмдейдi.
Тармақ 1.2
1.2. Алымдар пайызы тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешiмiмен белгiленген бюджеттiк алымдар мөлшерiмен және аудандар (қалалар) бюджеттерінің кiрiстер  көлемiмен анықталады.
Тармақ 1.3
1.3. Аудандардың (қалалардың) әкімдерi облыстық қаржы басқармасы мәлiмдеген мәслихаттар бекiткен тиiстi бюджеттердің шығыс бөлiгінің пайыздарына қарай бюджеттiк алымдардың ай сайын бөлiнуiн қарап отырады.
Тармақ 1.4
1.4. Бюджеттiк алымдарды аударуды бюджеттiк алымдардың бекiтiлген көлемінің шегiнде қаржылық рұқсат етудi ашу және аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерінің ағымдағы шотынан бюджеттiк алымдардың пайыздары мен күннің қорытындылары бойынша аудандық (қалалық) бюджеттерi кiрiстерінің негiзiнде есептелген сомаларда облыстық қаржы басқармасының аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерi жүргiзедi. Аудандық қалалық қаржы бөлiмдерi тиiстi бюджеттердің атқарылуы туралы есеп жасау кезiнде, шығыс бөлiгiне өздерінің есеп шоттарынан шығаруын бюджеттiк алымдардың сомаларын көрсетедi.
Тармақ 1.5
1.5. Аудандық (қалалық) бюджеттерден күннің қорытындысы бойынша бюджеттiк алымдар сомасын есептеген кезде мынадай түсiмдер есепке алынбайды: заңда белгiленген тәртiппен бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің несиелiк берешектерi есебiне өтелетiн шаруашылық субъектiлерінің бюджетке төлемдерi бойынша берешектерi; бюджеттен бұрын берiлген несие бойынша қайтарулар мен сый ақылар (мүдделер) сомасы.
Тармақ 1.6
1.6. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын бюджеттiк алымдардың артық төленуi мен кем төленуiн анықтайды және оны үш күн мерзiмде тиiстi аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерiне хабарлайды. Аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерi: бюджеттiк алымдар артық төленген жағдайда алдағы айлар үшін кезектi бюджеттiк алымдар сомасын табыстауда артық төленген сома шегерiлiп қалады; оның алдындағы айдың аяғындағы есеп бойынша бюджеттiк алымдар кем төленген болса кем төлеудің болса кем төлеудің мөлшерi қалпына келтiрiлгенге дейiн күннің басындағы алымдағы шотындағы қалдықтың 50.0 пайызынан асырмай осы Ереженің 1.4 тармағына сәйкес айқындалған сомаларда артық бюджеттiк алымдарды жүргiзедi.
Тармақ 1.7
1.7. Аудандар (қалалар) бюджеттерінің кiрiс болжамы орындалмаған жағдайда бюджеттiк алымдар олардың атқарылуына сайма-сай жүргiзiледi және осы Тәртiптiң 1.4 және 1.6 тармақтарында белгiленген шарттар ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 1.8
1.8. Бюджеттiк алымдар сомасы облыстық бюджет туралы шешiмiмен белгiленген көлем шегiнде және аудандық (қалалық) бюджеттердің қаржыландыру жинақ жоспарына сәйкес алымдар сомасын айларға бөлу арқылы қаржы жылы бойы берiледi. Айдың iшiнде облыстық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алымдардың сомасы тиiстi бюджеттiң қаржыландыру жиынтық жоспарында анықталған бюджеттiк алымдар сомасынан асқан жағдайда белгiленген тәртiппен аудандық (қалалық) бюджеттердің қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзiледi.
Тармақ 1.9
1.9. Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттiк ағымдар бойынша түпкiлiктi есеп, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы аудандар (қалалар) бюджеттерiне жыл бойы iс жүзүнде қалыптасқан түсiмдердің негiзiнде есептi кезеңде жүргiзiледi.
Тармақ 1.10
1.10. Бюджеттiк алымдардың толық және уақытылы аударылуының жауапкершiлiгiн аудандық (қалалық) қаржы бөлiмдерi жүзеге асырады.
Тарау 15. ІІ. Субвенция.
ІІ. Субвенция.
Тармақ 2.1
2.1. Облыстық қаржы басқармасы тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешiм күшіне енгеннен кейiнгi екi апта мерзiмде аудандық қалалық қаржы бөлiмдерінің келiсiмдерi бойынша субвенция сомасын айларға бөлудi анықтайды және оны аудандар (қалалар) әкімдерiне жеткiзедi.
Тармақ 2.2
2.2. Субвенция сомасын айларға бөлу бюджетке төлемдердің белгiленген мерзiмiне қарай, сондай-ақ алдағы жылдардың орташа айлық табыс түсiмдерінің өсу қарқынына және  басқа да болжамдық көрсеткiштерге қарай анықталады.
Тармақ 2.3
2.3. Аудандар (қалалар) әкімдерi облыстық қаржы басқармасы жеткiзген бөлулерге қарай тиiстi бюджеттердің кiрiс болжамына мәслихаттар бекiткен субвенцияның айлық бөлуiн қарайды.
Тармақ 2.4
2.4. Облыстық қаржы басқармасы субвенцияның бекiтiлген шегi көлемiнде ағымдағы шоттан қаржылық рұқсат етудi ашу жолымен субвенцияны аударуды жүргiзедi.
Тармақ 2.5
2.5. Ағымдағы қаржы жылы үшін субвенция көлемi бойынша түпкiлiктi есеп, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы облыстық жергiлiктi бюджеттерiне iс жүзiнде жыл бойы қалыптасқан түсiмдер негiзiнде, есептi кезеңде жүргiзiледi.
Тармақ 2.6
2.6. Субвенцияның толық және уақытылы аударылуын бақылауды облыстық қаржы басқармасы iске асырады.