О приостановлении охоты на диких копытных животных Күшін жойған
Басқа 0
Жабайы тұяқты аңдарды аулауды тоқтату туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 30.12.1999 № 254 шешімімен.
Жабайы тұяқты аңдар санының алдын-ала есебі туралы мәліметтер мен аңшылар және жергілікті тұрғындардың байқауы бойынша қасқырлардың өте көбейіп кетуінен, далалар мен ормандарды жиі-жиі өрттердің болуынан және браконьерлік жағдайлардан мұндай аңдар санының күрт азайып кеткендігі байқалып отыр.
Облыс аумағында жабайы тұяқты аңдарының өсіп, таралуын қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. 1998 жылдың 15 желтоқсанынан бастап бұлан, елік, қабан ату үшін лицензия беруге тыйым салынсын. 1999 жылы бұларды өндіруге мараторий белгіленсин.
Тармақ 2
2. Облыстық орман, балық және аңшы шаруашылығы басқармасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін көбейтуді, пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қадағалайтын облытық инспекция аңшылықты пайдаланушы облытық ұйымдармен бірлесе отырып, жабайы тұяқты аңдарды браконьерлерден қорғауды және қысқы кезеңде қажетті биотехникалық шараларды жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандар әкімдері жыртқыш аңдарды атуды ұйымдастыру жөнінде кезек күттірмейтін шараларды алсын, жыртқыш аңдарды құртумен айналысатын аңшылар бригадаларына барынша көмектер көрсетілсін.
Тармақ 4
4. Өкім бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің «1998 жылы жабайы тұяқты аңдарды өндіру туралы» 1998 жылғы 24 қыркүйектегі № 1-62 өкімінің күші жойылды деп саналсын.