О состоянии и мерах по реализации молодежной политики в области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық жастар саясатының жағдайы және оны іске асырудың шаралар туралы «Облыстық жастар саясатының жағдайы және оны іске асырудың шаралары туралы» облыс әкімінің орынбасары А.С. Иманғалиевтің баяндамасын тыңдап және талқылай келе облыстық мәслихат атқарушы органдар жастар саясатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, Қазақстан Республикасының жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік Тұжырымдамасының талаптарына сай жүргізілгенін атап көрсетеді. «Батыс Қазақстан облыстық жастар одағы» заңды тұлғалар ассоциациясына бірнеше жастар ұйымдары біріктірілген. Жастар жұмыс жөніндегі бөлім құрылып, облыстық «Жайық жастары» газеті шыға бастады. Сонымен бірге облыстық мәслихат облыста жастар саясаты бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстардың уақыт талабына әлі де толық сай емес екенін атап көрсетеді. Мемлекеттік органдар басшыларының, жастар келелі мәселелерін шешуде нақты бағдары және осы бағыттағы іс-қимыл жоспары жоқ. Мәдениет, білім және спорт мекемелерінің материалдық техникалық базасы өте нашар. Маман кадрлар жетіспейді. Салауатты өмір салты көптеген жастардың өмір сүру дағдысына айналмаған. Маскүнемдік, нашақорлық, СПИД-пен ауыратындардың саны өсуде. Облыстағы жастардың денсаулығы жағымсыз тенденцияны көрсетуде. Жастар арасында келеңсіз қылмыстық ахуал қалыптасқан. Жастардың жұмысқа орналасуы мен жұмыссыздық өзекті күйінде қалып отыр. Жас адамдар шағын және орта бизнесте өздерінің мүмкіндіктерін әлі көрсете алмай отыр. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің орынбасары А.С. Иманғалиевтің «Облыста жастар саясатының жағдайы және оны іске асырудың шаралары туралы» баяндамасы қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. 2004 жылға арналған облыстық жастар саясатын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкімдіктері жастар саясаты мәселелерінің тиісті шараларын жасақтап, оны жүзеге асыруға қажетті қаржы және қаржыландыру көздерін анықтасын.
Тармақ 4
4. Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге, ішкі саясат департаментіне (Имашев Т. И.), облыстық білім беру (Бисембаева С. И.), мәдениет (Батырханов А. Т.), денсаулық сақтау (Мырзахметов Б. Т.), ішкі істер (Тыныбеков Қ. С.), туризм және спорт (Оңдағанов М. О.) басқармаларына өз қарамағындағы мекемелердегі жастармен жұмыстағы кемшіліктерді жою шараларын қабылдау, жастар саясатын жүзеге асырудың мақсатты қызметін жандандыру: - кәсіпкерлікті дамыту және қолдау басқармасы департаментіне (Ескалиев Ғ.Н.) облыстағы жастар кәсіпкерлігі жүйесін дамыту, бизнес жоспарлау, маркетинг, кәсіпкерлердің құқын қорғау, тегін кеңестер беру мақсатында семинарлар, тренингілер өткізу: - облыстық ақпарат басқармасы (Сәтбаев Ә. Б.), Облыстық телерадиокомитеті (Ғұбашев А. З.), ОМҚК «Жайық Пресс» (Қосанов Қ. Ғ.) облыстағы жастар саясатының жүзеге асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етіп, жастарға арналған арнайы айдарлармен ашып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды кең және түсінікті түрде жариялап отыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Бұл қаулының орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың ұйымдастыру құқық және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияға (Чудров Я.К.) жүктелсін.
Басқа 6. 2004 жылға арналған аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 4-1 шешіміне Қосымша 2004 жылға арналған аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары NN Іс-шаралар Аяқталу түрі Орындалуына жауаптылар 1 2 3 4 1. Жастар арасындағы нашақорлық, маскүнемдік және шылым шегудің алдын алуға арналған әлеуметтік роликтерді құрастыру және шығару Облыс әкіміне хабарлама Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 2. Жастар Мәдениет Сарайын күрделі жөндеуден өткізу (оның жанынан ұлттық рухани және адамгершілік, мәдени құндылықтарды қалпына келтіру және өркендету жөніндегі облыстық орталық құру) Орал қаласының әкімдігі 3. Облыс аудандарында аймақтық жастар саясатын іске асыру (аудандарда жасақталған жастар саясатын жүзеге асыру шеңберінде) Облыс әкіміне хабарлама Аудан әкімдіктері, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 4. Орал қаласындағы Зачаганск кентінде спорт стадионының құрылысын жүргізу Орал қаласының әкімдігі 5. Облыстық орта мектептерін спорт жабдықтарымен қамту Облыстық білім беру басқармасы 6. Орал қаласындағы № 41 ОМ жанынан спорт залының құрылысын салу Облыстық білім беру басқармасы 7. Орал қаласындағы № 43 ОМ жанынан спорт залының құрылысын салу Облыстық білім беру басқармасы 8. Жастар шығармашылығын дамыту мақсатында ауылдың мәдениет үйлеріне музыка аспаптарын алып беру Облыстық мәдениет басқармасы, аудан әкімдіктері 9. Тұрғылықты жерлерде балалар, жас өспірімдер, жастар клубтарының желісін кеңейту Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама беру Орал қаласының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы 10. Жазғы маусымда студенттік құрылыс отрядтарының қызметтерін ұйымдастыру Жұмыс көлемін көрсету Орал қаласы және аудандар әкімдері, «БҚО жастар кеңесі» заңды тұлғалар ассоциациясы (ЗТА), облыстағы оқу орындары (келісім бойынша) 11. Қоғамдық жұмысқа бөлінген қаржының бөлігін жұмыссыз жастарды жұмысқа тарту мақсатында пайдалану Облыстық мәслихаттың шешімі Облыстық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау жөніндегі басқармасы 12. Жастарды жұмыспен қамту оларды еңбекке орналастыру және кәсіби қайта даярлау Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама беру Орал қаласы және аудан әкімдіктері, облыстық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау жөніндегі басқармасы 13. Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бизнес орталықтардың, клубтардың жұмысын жандандыру, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қорғау курсын ашу Облыс әкіміне есеп беру Облыстық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау басқармасы, облыстық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық басқармасы 14. Барлық ауылдар мен селоларда жастардың демалыс мекемелерін ұйымдастыру Облыс әкіміне есеп беру Аудан әкімдіктері 15. «Өрле ауыл» Облыстық жастардың үгіт пойызын ұйымдастыру Іс - шараларды дайындау Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 16. Жастар мәселелері бойынша семинарлар мен конференциялар өткізу, тәжірибе алмасу мақсатында республикалық, аймақаралық семинарларға қатысу Жастармен жұмыс тәжірибесін тарату Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 17. «Студенттік көктем - 2004» Облыстық фестивалдарын даярлау және ұйымдастыру Іс - шараларды дайындау Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім, облыстың оқу орындары 18. Студенттер арасында пікірталас турнирлерін өткізу және оларды ұйымдастыруға ықпал жасау Іс - шараларды дайындау Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 19. Жастар саясатындағы өзекті мәселелер бойынша әдістемелік оқулықтарды басып шығару Облыс әкіміне хабарлама беру Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 20. «Дала дарындары» жастар шығармашылығының облыстық конкурсы Конкурс Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 21. Қ. Ғаббасов атындағы жастардың хореографиялық ұжымдарының байқауын өткізу Конкурс Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 22. «Қыз сыны» облыстық конкурсы Конкурс Облыстық мәдениет басқармасы 23. «Жігіт сұлтаны» облыстық конкурсы Конкурс Облыстық мәдениет басқармасы 24. Батыс Қазақстан облысының Әкімі жүлдесіне күлкілілер және тапқырлар клубын (КТК) өткізу Іс - шаралар жасақтау Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім, облыстық мәдениет басқармасы 25. Жастар күніне арналған шаралар өткізу Іс - шаралар жасақтау Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім, облыстық мәдениет басқармасы, Орал қаласының әкімдігі 26. Жастар арасындағы нашақорлық, маскүнемдік және шылым шегудің алдын-алу мақсатында облыстық семинар өткізу Әдістемелік материалдар жасақтау Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім , денсаулық сақтау басқармасы 27. Дүниежүзілік шылым шегумен күрес Күнініе арналған акцияны кең көлемінде өткізу және дүниежүзілік СПИДке қарсы күрес күніне орай СПИДтің алдын-алу шаралар туралы акция өткізу, Халықаралық нашақорлық пен есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес Күніне орайластырып кең көлемде акция ұйымдастыру Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 28. Жастар арасындағы брейк-данс және поп-музыкадан би-көңіл көтеру қалалық конкурсын өткізу Іс-шаралар жасақтау Орал қаласының әкімдігі, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім , облыстық мәдениет басқармасы 29. Халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысу, спорттық - бұқаралық, туристік шаралар ұйымдастыру (Облыстық туризм және спорт басқармасының жоспары бойынша) Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама Облыстық туризм және спорт басқармасы 30. «Батыс Қазақстан облысының жастар кеңесі» ЗТА күндерін ұйымдастыру және өткізу Шаралар жасақтау Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім, «Батыс Қазақстан облысының жастар кеңесі» ЗТА 31. Үкіметтік емес жастар ұйымдарының озық жобаларына конкурстар ұйымдастыру Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 32. Республикалық жастар мәдени-бұқаралық іс-шараларына қатынасуы үшін жастар делегациясын аттандыру Облыс әкімінің орынбасарына есеп беру Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 33. «Жайық өңірінің жастары таза экология үшін» іс - шараларын өткізу Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама Облыстық табиғатты пайдалану басқармасы, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім, «Батыс Қазақстан облысының жастар одағы» ЗТА 34. Жастардың облыс басшыларымен, қоғамдық саяси қозғалыс және партия жетекшілерімен, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесулерін ұйымдастыру Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі бөлім 35. Жеңіс күніне арналған Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің күніне арналған облыстық оқу орындарында қорғаныс көпшілік жұмыстары" айлығын өткізу Облыс әкіміне хабарлама Облыстық әскери комиссариаты, облыстық білім беру басқармасы, туризм және спорт басқармасы 36. Жастардың Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне шефтік көмек көрсету үшін құрылған «Қамқорлық» қозғалысын ұйымдастыру. Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама Облыстық әскери комиссариаты, облыстық білім беру басқармасы, ақпарат басқармасы, аудан және қала әкімдері. 37. Жастардың Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен, Қарулы Күштер ардагерлерімен, жауынгер- интернационалистермен кездесу ұйымдастыру Шаралар жасақтау Облыстық әскери комиссариаты, облыстық білім беру басқармасы 38. Құқықтық жаппай оқу аясында студент жастармен лекциялар, пікірлесулер, кездесулер өткізу Облыс әкімінің орынбасарына хабарлама Облыстық әділет басқармасы кестенің жалғасы NN Орындалу мерзімі Болжамдалынатын шығындар мың теңге Қаржыландыру көздері 1 5 6 7 1. 2-ші тоқсан 2004 жыл 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 150,0 Облыстық бюджет 2. 2004 жыл бойы Орал қалалық бюджеті 3. 2004 жылдың бірінші тоқсаны 12000,0 Облыстық бюджет 4. 2004 жыл бойы Орал қалалық бюджеті 5. 2004 жыл бойы 12000,0 Облыстық бюджет 6. 2004 жыл бойы Орал қалалық бюджеті 7. 2004 жыл бойы Орал қалалық бюджеті 8. 2004 жыл бойы 12000,0 Облыстық бюджет 9. 2004 жыл бойы 1500,0 Орал қалалық бюджеті 10. 2,3 тоқсан 2004 жыл Қаржыландыруды қажет етпейді 11. Ай сайын 52900,0 Облыстық бюджет 12. 2004 жыл бойы 35000,0 Облыстық бюджет 13. 2004 жыл бойы 14. 2004 жыл бойы 15. 2004 жылдың 3-ші тоқсаны 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 180,0 Облыстық бюджет 16. 2004 жыл бойы 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 500,0 Облыстық бюджет 17. 2004 жыл наурыз-мамыр 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 175,0 Облыстық бюджет 18. 2004 жыл II, III тоқсандар 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 100,0 Облыстық бюджет 19. 2004 жыл 2, 4 тоқсан 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 350,0 Облыстық бюджет 20. 2004 жыл маусым 300,0 Облыстық бюджет 21. 2004 жыл сәуір 500,0 Облыстық бюджет 22. 2004 жыл сәуір 400,0 Облыстық бюджет 23. 2004 жыл шілде 400,0 Облыстық бюджет 24. 2004 жыл 3 тоқсан 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 300,0 Облыстық бюджет 25. 2004 жыл маусым 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 400,0 Облыстық бюджет 26. 2004 жыл 3 тоқсан 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 225,0 Облыстық бюджет 27. Жыл бойы 300,0 Облыстық бюджет 28. 2004 жыл 3 тоқсан 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 150,0 Облыстық бюджет 29. 2004 жыл бойы 147358,0 Облыстық бюджет 30. 2004 жыл 2-3 тоқсан 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 300,0 Облыстық бюджет 31. 2004 жылдың 1 тоқсаны 264. 2.00 бағдарламасы бойынша "Аймақтық жастар саясатын жүзеге асыру" - 3170,0 Облыстық бюджет 32. 2004 жыл бойы 4000,0 Облыстық бюджет 33. 2004 жыл бойы 800,0 Облыстық бюджет 34. 2004 жыл бойы Қаржыландыруды қажет етпейді 35. 2004 жыл сәуір-мамыр Қаржыландыруды қажет етпейді 36. 2004 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қаржыландыруды қажет етпейді 37. Ай сайын Қаржыландыруды қажет етпейді 38. 2004 жыл бойы Қаржыландыруды қажет етпейді Барлығы: 285.458,0