Об утверждении Правил оценки потребностей лиц с инвалидностью согласно классификатору технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения и услуг, предоставляемых лицам с инвалидностью Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамның техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарын, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (бұдан әрі – оңалту құралдары), санаторийлік-курорттық емдеуді, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін (бұдан әрі – оңалту қызметтерін көрсету) қажетсінуін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
Тармақша 2
2) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыру – жеке тұлғаны оның ауруы болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;
Тармақша 4
4) мультипәндік топ – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – жеке бағдарлама) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар адамның оңалу әлеуеті – медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізінде адам организмінің бұзылған функциялары мен қабілеттерін нақты қалпына келтіру мүмкіндіктерінің көрсеткіші;
Тармақша 7
7) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды ықтималдығы және мүгедектігі бар адамның қоғамға интеграциялануының болжамды деңгейі;
Тармақша 8
8) оңалту-сараптамалық диагностика – оңалту әлеуетін, оңалту болжамын бағалау;
Тармақша 9
9) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануды үйрету;
Тармақша 10
10) санаторийлік-курорттық емдеу – адамдардың санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болуы жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі;
Тармақша 11
11) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар: протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар; сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары; тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
Тармақша 12
12) тыныс-тіршіліктің шектелуі – адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінapa айырылуы;
Тармақша 13
13) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Мүгедектігі бар адамдардың оңалту құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қажетсінуіне бағалау жүргізу тәртібі
2-тарау. Мүгедектігі бар адамдардың оңалту құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қажетсінуіне бағалау жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына (бұдан әрі – Сыныптауыш) сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау: Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының он сегізінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына; Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының он тоғызыншы абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту қабілетіне байланысты мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына; Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының жиырмасыншы абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларына; Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма бірінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларына сәйкес медициналық, медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, мүгедектігі бар адамның құжаттарын қарау, оны қарап-тексеру (жүгінген кезде), организм функцияларының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін, оңалту болжамы мен әлеуетін айқындау жолымен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Сыныптауышқа сәйкес мүгедектігі бар адамдардың оңалту құралдарын және көрсетілетін қызметтерді қажетсінуін бағалауды: медициналық ұйымдарда емдеуші дәрігер және (немесе) мультипәндік топ тыныс-тіршілігінің шектелуіне әкелетін организм функциялары тұрақты бұзылған және пациентті «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес МӘС-ке жіберген кезде, сондай-ақ санаторийлік-курорттық емдеу алдында санаторийлік-курорттық картаны толтыру кезінде; жеке бағдарламаны әзірлеу үшін оңалту-сараптамалық диагностика және МӘС жүргізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің МӘС бөлімдерінің мамандары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Мүгедектігі бар адамның қажеттіліктеріне жүргізілген бағалау негізінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тұлғалар Сыныптауышқа сәйкес оңалту құралдарына және көрсетілетін қызметтеріне ұсынымдар қалыптастырады, олар жеке бағдарламада көрсетіледі. Мүгедектігі бар балалардың оңалту құралдарын және көрсетілетін қызметтерді қажетсінуін бағалаған кезде олардың психофизикалық және психикалық-тілдік даму деңгейі ескеріледі.
Тармақ 6
6. Мүгедектігі бар адамның оңалту құралдары мен көрсетілетін қызметтерді қажетсінуі оның қажеттіліктеріне сәйкес бойындағы жоғалтқан тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызметті орындау қабілеттерін қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігі, сондай-ақ оларды нақты пайдалану мүмкіндіктері ескеріле отырып бағаланады.
Тармақ 7
7. Мүгедектігі бар адамның протездік-ортопедиялық құралдарды және протездік-ортопедиялық көмекті қажетсінуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) қолының құрылымы мен функциялары, оның ішінде қолының ұшын пайдалануы;
Тармақша 2
2) аяқтарының құрылымы мен функциялары, оның ішінде жүруінің, қысқа қашықтыққа жүруінің, тұрғын жай шегінде жүріп-тұруының шектелу дәрежесі;
Тармақша 3
3) қарапайым және күрделі еркін қимылын, тұру және жүру кезіндегі тепе-теңдігін бақылау;
Тармақша 4
4) омыртқаның статодинамикалық функциялары;
Тармақша 5
5) статикалық-кинетикалық функциялар;
Тармақша 6
6) анатомиялық кемістіктері;
Тармақша 7
7) көру функциялары;
Тармақша 8
8) зияткерлік функциялары;
Тармақша 9
9) ақыл-ес, бағдарлану функциялары және жаһандық психоәлеуметтік функциялар;
Тармақша 10
10) жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің, несеп-жыныс жүйесі функциялары және зат алмасуының бұзылуы;
Тармақша 11
11) антропометриялық деректер бағаланады.
Тармақ 8
8. Мүгедектігі бар адамның сурдотехникалық құралдарды қажетсінуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) зияткерлік функциялары;
Тармақша 2
2) жас және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, базалық жазу және оқу дағдылары;
Тармақша 3
3) көру функциялары;
Тармақша 4
4) құлақ протезіне көрсеткіштер, оны жүргізу және тиімділігі;
Тармақша 5
5) кохлеарлық имплантация операциясын жүргізу және оның тиімділігі бағаланады.
Тармақ 9
9. Мүгедектігі бар адамдардың тифлотехникалық құралдарды қажетсінуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) зияткерлік функциялары;
Тармақша 2
2) ақыл-ес, бағдарлану функциялары және жаһандық психоәлеуметтік функциялар;
Тармақша 3
3) жазу және оқу дағдылары, оның ішінде Брайль бойынша;
Тармақша 4
4) есту функциясы;
Тармақша 5
5) қол құрылымы мен функциялары, оның ішінде қолының ұшын пайдалануы, қол саусақтарын сезінуі және дәл қимылдарды жүзеге асыруы;
Тармақша 6
6) аяғының құрылымы мен функциялары;
Тармақша 7
7) вестибулярлық функциялар;
Тармақша 8
8) көмірсу алмасу функциялары;
Тармақша 9
9) артериялық қысым функциялары;
Тармақша 10
10) көзге қабысатын құрылымдардың функциялары бағаланады.
Тармақ 10
10. Жүріп-тұру функциялары абсолютті және (немесе) күрделі бұзылу жағдайында мүгедектігі бар адамның арнаулы жүріп-тұру құралдарын және міндетті гигиеналық құралдарды (санитариялық жарақтандырылған кресло-орындық, дәретхана бөлмелеріне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар, ванна бөлмелеріне арналған тұтқалар) қажетсінуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) омыртқа осіне (отырған күйде) түсетін салмақ патологиялық процестің өршуіне әкелетін аурулар мен жарақаттардың, болуы сондай-ақ салдары;
Тармақша 2
2) өздігінен жүріп-тұру қабілетінің шектелу дәрежесі;
Тармақша 3
3) зияткерлік функциялар және мотивация функциялары;
Тармақша 4
4) қол функциялары және бұлшық ет тонусы;
Тармақша 5
5) жақсырақ көретін көздің көру функциясы;
Тармақша 6
6) отырғандағы және тепе-теңдікті ұстау қалпын, еркін және еріксіз қозғалыс функцияларын бақылау;
Тармақша 7
7) ақыл-есі бұзылатын эпилептикалық (құрысу) ұстамалардың болуы;
Тармақша 8
8) есту функциялары;
Тармақша 9
9) тұрғын үй дизайнына, жобалау сипатына, салынуына байланысты және қоршаған ортаны жайластырудағы кедергілер (кресло-арбаны пайдалану үшін қоршаған ортаның қолжетімділігі);
Тармақша 10
10) пациенттің ұзақ қашықтықты еңсеру мақсатында иінтіректі жетегі бар кресло-арбаны пайдалану саласындағы тәжірибесі;
Тармақша 11
11) тыныс-тіршіліктің белсенді салаларындағы өмір салты: білім, жұмыс, демалыс және бос уақыт;
Тармақша 12
12) физиологиялық параметрлер: бөксенің шетінен тізенің ішке бүгілетін жеріне дейінгі аралық; жамбас буындарының сүйек доғалары арасындағы аралық; өкшеден бүгілген жамбас деңгейіне дейінгі аралық (артқы жағы бойынша); орындық бетінен арқалық биіктігінің талап етілетін деңгейіне дейінгі аралық; орындық бетінен 90 градус бұрышпен бүгілген шынтаққа дейінгі аралық; антропометриялық деректер (салмақ, бел және жамбас көлемі) бағаланады.
Тармақ 11
11. Ауруларға және (немесе) жарақаттардың салдарына байланысты зәрді және/немесе нәжісті ұстамау типі бойынша жамбас органдарының функциялары бұзылған кезде мүгедектігі бар адамдардың міндетті гигиеналық құралдарды (несеп қабылдағыш, уроқабылдағыш, нәжіс қабылдағыш, жөргек, сіңіргіш жайма (жаялық), катетер, стоманың айналасындағы теріні қорғау мен тегістеуге арналған герметик-паста, стоманың айналасындағы теріні қорғау мен күтуге арналған қорғаныш крем, стома айналасындағы теріні қорғауға мен күтуге арналған сіңіргіш ұнтақ (опа), иісті бейтараптандырғыш, стома айналасындағы немесе санның ортасындағы теріні күтуге және өңдеуге арналған тазартқыш) қажетсінуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) зәр шығару және дефекация функцияларының бұзылу дәрежесі;
Тармақша 2
2) ақыл-ес, бағдарлану функциялары, жаһандық психоәлеуметтік функциялар;
Тармақша 3
3) өздігінен жүріп-тұру қабілеті;
Тармақша 4
4) нейробұлшық ет, қаңқа және қозғалысқа байланысты функциялар (қозғалыс шектеулері), ішкі ағзалардың функциялары (соматикалық аурулар);
Тармақша 5
5) стомалар кезінде – салған жері мен түрі;
Тармақша 6
6) стома айналасындағы тері;
Тармақша 7
7) қуықтың өздігінен босау қабілеті;
Тармақша 8
8) антропометриялық деректер (салмағы, бел және жамбас көлемі) бағаланады.
Тармақ 12
12. Мүгедектігі бар адамдардың санаторийлік-курорттық емдеуді қажетсінуін бағалау кезінде пациенттің денсаулық жағдайын бағалау, объективті жай-күйін, алдыңғы емдеу (амбулаториялық, стационарлық) нәтижелерін, зертханалық, функционалдық, рентгенологиялық және басқа да зерттеулердің деректерін талдау негізінде айқындалатын санаторийлік-курорттық емдеуге медициналық көрсетілімдердің, оған қарсы көрсетілімдердің бар-жоғы ескеріледі. Санаторийлік-курорттық ұйымның бейінін таңдау мәселесін шешу кезінде санаторийлік-курорттық емдеу ұсынылған пациенттің ауруынан басқа ілеспе аурулардың бар-жоғы, курортқа бару шарттары, климаттық-географиялық жағдайлардың қарама-қайшылығы, табиғи емдік факторлардың ерекшеліктері және басқа да емдеу жағдайлары ескеріледі.
Тармақ 13
13. Мүгедектігі бар адамның жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін қажетсінуін бағалау кезінде организм функцияларының бұзылуы мен өздігінен жүріп-тұруының шектелуінің айқын көрінуі, жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін ұсынуға Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының он сегізінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер ескеріледі.
Тармақ 14
14. Мүгедектігі бар адамның ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін қажетсінуін бағалау кезінде есту және сөйлеу функциялары бұзылуының айқын көрінуі, ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін ұсынуға Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының он тоғызыншы абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, сондай-ақ ымдау тілін меңгеру дағдылары ескеріледі. ________________________________