Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Текелі қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Текелі қалалық мәслихаты
Басқа 4
Текелі қаласының әкімдігінің 2023 жылғы «____» шілдедегі №_____ қаулысына қосымша Текелі қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі Маршрут нөмірі Маршрут атауы Тасымалдау құны (теңге) 1 Клубная автовокзал 150 теңге 4 Чайковский көшесі-«Светлана» дүкені – Қора көшесі, стомоталогия «Шынгыс» 100 теңге 6-7 Айналым-«Улыбка» дүкені-«Алатау» шағын ауданы-Ауэзов көшесі-Чажа-Стадионная көшесі- Спорт сарайы 100 теңге