О добровольных противопожарных формированиях Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екiбастұз қаласы өртке қарсы ерiктi құрылымдар туралы Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Екiбастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Екiбастұз қаласында, ауылдық округтер мен поселкелерде өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұйымдастыру және қызметтерiнiң қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы өртке қарсы Мемлекеттiк қызметiнiң Екiбастұз қаласы үшiншi мамандандырылған отрядының бастығына меншiк нысаны мен ведомстволығына қарамастан өртке қарсы ерiктi құрылымдарды құру мен қызметiнде қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарының басшыларына практикалық, әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетуi ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен сәтiнен екi жұма iшiнде ресми жариялансын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары С.М. Көшiмбаевқа жүктелсiн. Келiсiлдi: Павлодар облысы өртке қарсы Мемлекеттiк қызметi басқармасының үшiншi мамандандырылған отрядының бастығы
Басқа 5. Екiбастұз қаласында, поселкелер мен ауылдық округтерде өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұйымдастыру және қызметтерiнiң ҚАҒИДАЛАРЫ
Екiбастұз қаласы әкiмiнiң 2003 жылғы "24" желтоқсан "Өртке қарсы ерiктi құрылымдар туралы" № 821/13 қаулысымен бекiтiлдi Екiбастұз қаласында, поселкелер мен ауылдық округтерде өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұйымдастыру және қызметтерiнiң ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағидалар меншiк нысаны мен ведомстволығына қарамастан қаланың, поселкелер мен ауылдық округтердiң кәсiпорындары мен ұйымдарының (бұдан әрi - Объект) өртке қарсы ерiктi құрылымдарын құру мен олардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" № 48-1 Заңына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгiнiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы" № 19 қаулысына сәйкес әзiрленген.
Тармақ 3
3. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұйымдастыру, олардың қызметтерiне басшылық ету, өртке қарсы iс-шараларды орындау мен қызметкерлердiң арасында түсiнiктеме жұмысын жүргiзу Объектiлер басшыларымен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды және қызметтерiн ұйымдастыру тәртiбi
2. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды және қызметтерiн ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 4
4. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар:
Тармақша 1
1) Объектiде өртке қарсы режимдi орындау мен сақтауға бақылау жасау;
Тармақша 2
2) Объектiде өртке қарсы режимдi сақтау бойынша қызметкерлер арасында түсiнiктеме жұмысын жүргiзу;
Тармақша 3
3) өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын тұрақты дайындықта ұстау;
Тармақша 4
4) Объектiде бар өрт сөндiру құралдарымен пайда болған өртке дереу шараларды қолдану мақсатында құрылады.
Тармақ 5
5. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар меншiк нысаны мен ведомстволығына қарамастан 15 адамнан кем емес саны бар кәсiпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Өртке қарсы ерiктi құрылымға Объект басшысымен тағайындалатын бастық басшылық етедi.
Тармақ 7
7. Өртке қарсы ерiктi құрылымның сандық құрамын Объект басшысы белгiлейдi, бiрақ 5 адамнан кем емес.
Тармақ 8
8. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар 18 жастан кем емес Объектi қызметкерлерiнiң санынан ұйымдастырылады.
Тармақ 9
9. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарға қабылдау азаматтың жеке өтiнiшi негiзiнде, ол тұрғылықты жерi бойынша медициналық комиссиядан және өртке қарсы Мемлекеттiк қызметiнiң бөлiмшесiнде бастапқы дайындықтан өткеннен кейiн ерiктi түрде жасалады.
Тармақ 10
10. Өртке қарсы ерiктi құрылымдардан шығарып тастау:
Тармақша 1
1) өртке қарсы режимдi бұзғаны үшiн;
Тармақша 2
2) өз еркi бойынша өртке қарсы ерiктi құрылымдар бастығына өтiнiш беру жолымен жасалады.
Тармақ 11
11. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар мүшелерiмен жаттығу сабақтары Объект басшысымен бекiтiлген кесте бойынша жұмыстан бос уақытта, айына 4 сағаттан артылмай өткiзiледi.
Тарау 3. 3. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұстау
3. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұстау
Тармақ 12
12. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұстаудың барлық шығындары олар ұйымдасатын Объектiлер есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар мүшелерiнiң қызметтерiн ынталандыру мақсатында Объект басшысы өрттi жоюда үздiк шыққан азаматтарды мадақтауға құқылы.