О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) «Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ведомстводан тыс және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын «сараптама топтарын) құру және мамандарды (мамандандырылған инситуттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларында:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік сараптама ұйымының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құруының;»;
3) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кешенді қала құрылысы сараптамасы – мемлекеттік монополияға жатқызылған, барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына сараптама;
4) консультант – арнайы, оның ішінде құрылыс объектілерін жобалау және (немесе) аумақтың қала құрылысын жоспарлау саласында білімі бар білікті маман не объектілер құрылысы жобасының (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама) немесе барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша консультативтік көмек көрсету үшін тартылған мамандандырылған институттың немесе ұйымның өкілі;»;
8-тармақша алып тасталсын;
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді.
15. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы:
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын қоспағанда, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларын қарау үшін сараптама тобын;
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын қарау үшін сараптама комиссиясын құрады.
16. Сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына штаттық сарапшылар, сондай-ақ кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін шарттық негізде тартылатын сарапшылар енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
«16-1. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы сараптама комиссияларына (сараптама топтарына) жәрдемдесу үшін консультанттарды, қабылданған шешімдерді түсіндіру үшін тапсырыс берушілер мен қала құрылысы жобаларын әзірлеушілердің уәкілетті өкілдерін тартады.
16-2. Консультанттар кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізген кезде қарайды және сарапшыларға ұсыныстар береді.»;
17 және 18-тармақтар алып тасталсын;
20-тармақ алып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«21. Сараптама ұйымы штатында талап етілетін мамандықтағы аттестатталған сарапшы болмаған жағдайда не қаралып отырған жобаны бағалау үшін консультанттың пікірі талап етілетін жағдайда, аттестатталған сарапшылар үшін консультанттар ретінде шарт негізінде сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) жұмысына қатысуға:
ерекше, жоғары мамандандырылған білім мен тәжірибенің болуын (шоғырлануын) талап ететін инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде бірегей объектілерді салу жобалары, сондай-ақ өзге де объектілерді салу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама;
Заңның 6-бабына сәйкес аумақтық объектілер мен елді мекендердің сараптамалық комиссиялары (сараптамалық топтары) қарайтын қала құрылысы жобаларында ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу болған кезде барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.