Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Теміртау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қуатұлы Қыдырбеков тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 21 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. О. Таурбеков