Об утверждении правил «Аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности» Күшін жойған
Басқа 0
Ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет субъектілерін
аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 112-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу қағидасы
Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрінің
2023 жылғы 25 шілдедегі
№ 335 бұйрығымен
бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 112-тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден (бұдан әрі – аккредиттеу) өткізу, аккредиттеуден өткізу үшін құжаттар тапсыру, оларды қарау және ғылым саласындағы уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәлігін беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу туралы куәлік – жеке не заңды тұлға жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті уәкілетті органның ресми тануын растайтын, осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат;
Тармақша 2
2) аккредиттеу – нәтижесінде субъектілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануға ие болу рәсімі;
Тармақша 3
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі
2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 1-тармағына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылады.
Мыналар:
Тармақша 1
1) заңды тұлға – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар субъектілер болып табылады.
Тармақ 4
4. Аккредиттеу қағаз түрінде уәкілетті органның кеңсесі не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Ғылыми-техникалық қызмет негізгі қызмет түрі болып табылмайтын, құрылымында ғылыми бөлімшелері бар ұйымдар өздерінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу мақсатында аккредиттеу туралы куәлік алу үшін уәкілетті органда аккредиттеуден өте алады.
Тармақ 6
6. Субъектілерді аккредиттеу олардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Куәлік мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобалар конкурстарына қатысу үшін беріледі.
Тармақ 8
8. Ұсынылатын құжаттар тізімі, аккредиттеуден бас тарту негіздері «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде белгіленді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган субъектілерді аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды:
заңды тұлғалар үшін – 19 (он тоғыз) жұмыс күні ішінде;
жеке тұлғалар үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу:
жеке тұлғалар үшін – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
заңды тұлғалар үшін – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде.
Тармақ 10
10. Аккредиттеу туралы куәлік 5 (бес) жыл мерзімге беріледі.
Аккредиттеу туралы куәлік:
заңды тұлғаға – басшыға немесе сенімхат негізінде уәкілетті тұлғаға қол қою арқылы;
жеке тұлғаға – тікелей өтініш берушіге немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға немесе өкілеттігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 68-бабына сәйкес ресімделген оның өкіліне беріледі.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік бланкілерінің дайындалуын, есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай:
Тармақша 1
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бөліп шығару және бөлу нысанында) немесе таратылған;
Тармақша 2
2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;
Тармақша 3
3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 13
13. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай:
Тармақша 1
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) немесе таратылған;
Тармақша 2
2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;
Тармақша 3
3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады.
Басқа 1. Аккредиттеу туралы куәлік
Ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет субъектілерін
аккредиттеу қағидасына
қосымша
Аккредиттеу туралы куәлік
Астана қ.
20__ ж. «___» «__________»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса))
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді. Куәлік мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысу үшін беріледі.
Уәкілетті орган
М. О.
Сериясы _______ № _____
___________________________________