Об утверждении порядка и мер обеспечения обязательств по договорам на организацию перевозок и (или) выполнение услуг, связанных с перевозкой Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтердi көрсету жөнiндегi шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз етудiң тәртiбi мен шараларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темiр жол көлiгi туралы" Заңның 14-бабы 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, тараптардың шарттар ережелерiн орындауы және олардың мүдделерiн қорғау мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi, экспедитор (бұдан әрi - шарт тараптары) арасында жасасатын тасымалдарды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтердi көрсету жөнiндегi шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз етудiң келесi тәртiбi мен шаралары бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) өзара мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң тараптар таңдаған тәсiлдерi келiсiп отырған тараптармен тасымалды ұйымдастыру және (немесе) тасымалдаумен байланысты қызметтердi көрсету жөнiндегi шарттың мәтiнiнде жазбаша түрде бекiтiлуi тиiс;
Тармақша 2
2) кепіл, банктік кепілдік, Одақтың (Қауымдастықтың) кепіл жарнасы, шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыру шарты, жүктерді алып қалу, айып төлету, кепілпұл және заңнамада немесе шарт тараптарымен көзделген өзге шаралар екі жақты келісім бойынша шарт тараптарының міндеттемелерді қамтамасыз ету шаралары болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Темiр жол көлiгi комитетiмен (М.Ж.Оразбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуi қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-Министрi H.T. Байдаулетовқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi.