О проведении конкурса Қолданыста
Басқа 0
Конкурс өткізу туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республиқасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына, «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер үшін бюджеттін атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу
(мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылык рәсімдердін Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республиқасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832
қаулысына, «Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы» Қазақстан Республиқасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27
бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 1 токсанынла тауарлы несие беру ушін кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі инфракұрылым субъектілерін іріктеу жөнініде конкурс
(бұдан әрі - Конкурс) өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Тауарлы несие беру үшін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі
инфракұрылым субъектілерін іріктеу бойынша конкурс өткізу жөніндегі
Қағида;
Тармақша 2
2) тауарлы несие беру үшін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі
инфрақұрылым субъектілерін іріктеу бойынша конкурстык комиссия
мүшелерінің кұрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірініші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 26 қаңтар
№ 10 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Тауарлы несие беру үшін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі инфракұрылым субъектілерін іріктеу бойынша конкурс өткізу жөніндегі ҚАҒИДА
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Актобе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы 17 сессиясының № 9 шешімін іске асыру, ауыл кәсіпкерлігін қолдау және дамыту максатында жасалды.
Тармақ 2
2. Қағида Ақтөбе облысының ауыл тұргындарын тауарлы несиелендіру
жөнінде конкурсты дайындау тәртібін, шарттарын, өткізу мерзімін аныктайды.
Тармақ 3
3. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Қағидада келесі терминдер мен түсініктемелер қолданылады:
конкурс - кейін ауыл тұргындарына (түпкі заемшы) тауар түрінде несие
беру үшін ауыл кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі инфрақұрылым субъектілері
арасында бюджеттік несие алу жөніндегі конкурс;
қатысушы - қызметінің максаты ауыл шаруашылығын дамытуға тауармен несие беруге бағытталган, белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;
конкурс жеңімпазы - конкурстық комиссиясының шешімімен конкурс
жеңімпазы деп танылған қатысушы;
тауарлы несиелендіру - несиені ауыл шаруашылығы малдары турінде
(кой, ірі қара мал және басқалары) беру.
Бөлім 2. 2. Конкурстың максаты мен міндеттері
2. Конкурстың максаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы тұргындарына және ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндірушілерге тауар түрінде жеңілдігі бар несие беру жөніндегі
кызметті жүзеге асырушы ауыл кәсіпкерлігін - қолдау жөніндегі инфрақұрылым арқылы бюджеттен қаржы бөлу конкурстың мақсаты болып табылады.
Тармақ 6
6. Осы Қағида мына міндеттерді көздейді: шаруашылық кызметтерді
кеңейту, жеке және шаруа қожалықтарының өндірістік элеуетін арттыру,
өздерін жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауылдағы жұмыссыздық
деңгейін азайту.
Бөлім 3. 3. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар
3. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар
Тармақ 7
7. Конкурсты дайындауды және өткізуді конкурстык комиссия атқарады. Ол қатысушыларды конкурсты өткізу талаптарымен таныстырады, қатысушылардан түскен өтінімдерді қабылдайды және тіркейді, қатысушылардын келіп түскен материалдарды қарайды.
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу туралы өтінім;
Тармақша 2
2) жарғының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) филиал жөніндегі ереже көшірмесі (заңды тұлгалардың филиалдары
үшін);
Тармақша 4
4) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркелгендігі) өткендігі туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) қызметтің тиісті түрімен айналысу кұкы берілген лицензия көшірмесі:
Тармақша 6
6) тауарлы несиелендіру шарттары жөнінде ұсыныс;
Тармақша 7
7) тауарлы несие тәртібі жөніндегі бағдарлама немесе ереже.
Тармақ 9
9. Конкурстың қатысушысы ретінде тіркеу үшін осы Қағиданың 8-тармағында айтылған құжаттар пакетін тапсыру қажет.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдау және тіркеу талап
етілген құжаттар пакеті түгел тапсырылған кезде ғана қабылданады.
Тармақ 11
11. Конкурс жеңімпазын таңдау критерийі:
Тармақша 1
1) бюджетгік несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету сапасы:
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылық малдарын алу әдісі;
Тармақша 3
3) ауыл тұрғындары үшін несие берудің неғұрлым қолайлырақ талаптарын қою арқылы тауарлы несие беру;
Тармақша 4
4) түнкі заемшыларды (тауарлы несие алушыларды) несиелендірудің ең
төменгі пайызының қойылуы;
Тармақша 5
5) бюджеттік несиені қайтарудың мерзімділігі.
Тармақ 12
12. Қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда, Комиссия
жеңімпазын анықтау 10 күнге кейінге қалдырылады.
Тармақ 13
13. Комиссияның ақырғы шешімі Комиссия қорытындысы туралы хаттамамен ресімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелелері, төрағасы және конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) қол кояды.
Тармақ 14
14. Конкурс қорытындысы бойынша жасалған хаттамасы негізінде бағдардама әкімшісі облыс әкімияты тиісті қаулысының жобасын енгізеді.
Несие беруші соңғы шешім қабылдайды, онда бюджеттік қаржы заемшысы,
накты бюджеттік бағдарламаларды іске асырудағы шарттары, олардың қатысу
дәрежелері анықталады.
Тармақ 15
15. Конкүрс қорытындысы бойынша жасалған облыс әкімиятының қаулысы үш күндік мерзімде конкурсты жеңіп алған (жеңіп алғандарға) қатысушыға беріледі. Шешім несие алушыға тауарлы несие беру жөніндегі несиелік шарт жасауға негіз болады.
Тармақ 16
16. Өтеуді қамтамасыз ету және бюджеттік несиені өтеу қолданыстағы
заңнамамен және несие беру шарттымен реттеледі.
Басқа 38
Облыс әкімиятының
2004 жылкы «26» қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Тауарлы несие беру үшін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі инфракұрылым субъектілерін іріктеу бойынша конкурстық комиссияның құрамы
Химчук Олег Геннадийұлы
- облыс Әкімінің бірінші орынбасары,
комиссия төрағасы
Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы
- «Облыстык кәсіпкерлікті қолдау
басқармасы» ММ бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары
Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы
- «Облыстық қаржы басқармасы» ММ
бастығы
Әжібаев Ерсайын Ысқақұлы
- «Ауыл шаруашылығы департаменті»
ММ бастығы
Айжарыков Түрікпенбай Жұбанұлы
- «Ауыл шаруашылыгы
Министрлігінің облыстық аумақтык
басқармасы» ММ бастығы (келісім
бойынша)
Елеусіз Қанатбай Елеусізұлы
- «Облыстык еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ бастығы