Об утверждении Инструкции по применению минимальных ставок авторского вознаграждения за некоторые виды использования произведений Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережесінің 14-тармағының 114-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөнiндегi нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөнiндегi нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 28 шілдедегі № 541 бұйрығына қосымша Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөнiндегi нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны, дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдануды нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авторлық құқықпен қорғалмайтын туындылар – халық шығармашылығы туындылары, қорғау мерзiмiнiң аяқталуына байланысты қоғамдық игiлiкке айналған туындылар;
Тармақша 2
2) көп актiлi драмалық және музыкалық-драмалық туындылар – кемiнде екi актiсi бар туындылар;
Тармақша 3
3) өлең түріндегі туынды – сахнадан айтылатын мәтiннiң кемiнде жартысы өлең түрiнде жазылған туынды;
Тармақша 4
4) пьеса – театралдық көрсетуге арналған драмалық туынды;
Тармақша 5
5) сахналау-пьеса – басқа туындылар, оның iшiнде халық шығармашылығы туындыларының сарындары бойынша жазылған пьеса;
Тармақша 6
6) «үлкен көлемді» туындылар – айрықша құқықтарын басқару жеке негiзде жүзеге асырылатын туындылар;
Тармақша 7
7) «шағын көлемді» туындылар – айрықша құқықтарын басқару ұжымдық негiзде жүзеге асырылатын туындылар;
Тармақша 8
8) «шағын көлемді» туындыларын көпшiлiк алдында орындау – дербес маңызы бар музыкалық-драмалық туындылардың бөлiмдерiн (ариялар, әндер) көпшiлiк алдында драмалық емес орындау.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген ең төмен мөлшерлемелер бойынша авторлық сыйақы:
Тармақша 1
1) орындаушы-әртiстердiң, сондай-ақ техникалық құралдар арқылы да драмалық, музыкалық-драмалық туындыларды, концерттiк, цирк, би бағдарламаларын, мәтiнi бар және мәтiнсiз музыкалық туындыларды көпшiлiк алдында орындағаны;
Тармақша 2
2) туындыларды көпшiлiк алдында хабарлағаны;
Тармақша 3
3) туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны, оның ішінде жалға бергені және көпшiлiкке прокатқа бергені;
Тармақша 4
4) дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшiн есептеледi.
Тармақ 4
4. Бұйрықпен бекітілген авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелері пайдаланушы мен автордың, оның құқықтық мирасқорының немесе құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қолданылады.
Тармақ 5
5. Туындыларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы:
Тармақша 1
1) бiр туындыны немесе бағдарламаны көпшiлiк алдында орындағаны үшiн билеттердi сатудан түскен алымның жалпы сомасынан;
Тармақша 2
2) шарт бойынша кепiлдiк төлем сомаларынан не табыстардың өзге сомаларынан пайызбен есептеледi. Төлеушi табысының дәл мөлшерiн анықтау қиын болған немесе мүмкiн болмаған жағдайларда, мәтiнi бар немесе мәтiнсiз музыкалық туындыларды, әдеби туындыларды орындаушы әртiстер, сондай-ақ техникалық құралдардың (кез келген дыбыс тасығыштарының ойнатқыштары) көмегiмен дискотекаларға, түнгi клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге, кинотеатрларға, сауықханаларға, барларға, бистроларға, асханаларға, ашық алаңдарға, ойын аттракциондарына және басқа да қоғамдық орындарға тегiн кiру кезiнде орындалғаны үшiн авторлық сыйақы Бұйрықпен бекiтiлген Туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерінің 26-тармағында көзделген айлық есептiк көрсеткiшпен есептеледi.
Тармақ 6
6. Туындыларды көпшiлiк алдында хабарлағаны үшiн авторлық сыйақы табыстың жалпы сомасында пайызбен белгiленген мөлшерлерде есептеледi. Бұл ретте авторлық сыйақы есептелуге тиiс жалпы табыс деп жарнаманы орналастыру, хабарларды жасауға түскен демеушiлiк түсiмдер, демеушiлiк не өзге қаржыландыру түрiндегi түсiмдерден, егер ондайлар бар болса, абоненттiк ақы, туындыларға қол жеткiзу үшiн ақы түрiндегi және тағы да басқа түсiмдерден құралатын табыс түсiнiледi.
Тармақ 7
7. Авторлық құқықпен қорғалатын, сондай-ақ қорғалмайтын туындыларды қамтитын дыбыстық жазу даналарын қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақы тек авторлық құқықпен қорғалатын туындылар үшiн ғана есептеледi.
Тармақ 8
Тарау 2. 2-тарау. Туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақы мөлшерлемелерін қолдану
2-тарау. Туындыларды көпшiлiк алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақы мөлшерлемелерін қолдану
Тармақ 9
9. Балаларға арналған пьесаларды, оның iшiнде қуыршақ пен орындалатын пьесалар үшiн белгiленген авторлық сыйақының мөлшерлемелері аталған пьесаларға орындалған жерiне қарамастан қолданылады.
Тармақ 10
10. Өз туындыларының сарыны бойынша жазылған пьесалар, егер сахналау тең авторларсыз жасалса, төлтумаға теңестiрiледi.
Тармақ 11
11. Халық ертегiлерiнiң сарыны бойынша балаларға арнап жазылған пьесалар төлтумаға теңестiрiледi.
Тармақ 12
12. Егер автор туындыны екi немесе бiрнеше тiлде жазып, қай мәтiннiң төлтума, ал қайсысының аударма екенiн ескертпесе, онда ол осы тiлдердiң әрқайсысында төлтума болып табылады.
Тармақ 13
13. Авторлық құқықпен қорғалатын және қорғалмайтын туындыларды (оның iшiнде драмалық туындыларды сүйемелдейтiн музыканы да) қамтитын бағдарламаларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы толық мөлшерлеме бойынша есептеледi.
Тармақ 14
14. Тең авторлар бiртұтас бөлiнбес дүние ретiнде жасаған туындыларды көпшiлiк алдында орындағаны үшiн авторлық сыйақы тек авторлық құқығы қорғалатын тең авторларға (олардың құқықтық мирасқорларына) ғана есептеледi. Бұл ретте есептелетiн сыйақының мөлшерi тең авторлардың арасында сыйақының белгiленген мөлшерлемеге тепе-тең бөлiнуiне сәйкес айқындалады.
Тармақ 15
15. Түгелдей қоғам игiлiгiне айналған туындылардан құрылатын концерттер үшiн авторлық сыйақы есептелмейдi.
Тармақ 16
16. Концерттiк, эстрада, цирк немесе би бағдарламалары үшiн авторлық сыйақы туындылар әртiстердiң немесе дыбыстық жазуда орындалуына қарамастан, сондай-ақ пайдаланушыға осындай бағдарламаларға билет сатудан табыс түсуiне немесе түспеуiне қарамастан есептеледi.
Тармақ 17
17. Егер спектакль бiрнеше бiр актiлi туындыларды қамтитын болса, сыйақы әрбiр туынды үшiн соған белгiленген мөлшерлеме бойынша жеке-жеке есептеледi. Егер бiр актiлi туынды концерттiк бағдарламада орындалса, бұл туынды үшiн сыйақы соған белгiленген мөлшерлеме бойынша есептеледi және одан басқа концерттiк бағдарлама үшiн де көзделген мөлшерлеме есептеледi. Егер спектакль екi көп актiлi туындыны қамтитын болса, сыйақы әр туынды үшiн тиiстi көп актiлi туындылар үшiн көзделген мөлшерлеменің 1/2 бөлiгiнен есептеледi. Егер көп актiлi туынды концерттiк бағдарламамен орындалса, көп актiлi туынды үшiн сыйақы тиiстi туындылар үшiн көзделген мөлшерлеменің 12 бөлiгiнен есептеледi және тиiстi концерттiк бағдарлама үшiн көзделген мөлшерлеме қосымша есептеледi.
Тармақ 18
18. Шағын көлемдi шығармалар көпшiлiк алдында орындалған жағдайда аудармашы үшiн белгiленген қаламақы сомасы аралық және соңғы аударма авторлары арасында тең бөлiнедi.
Тармақ 19
19. Авторлық құқықпен қорғалатын сахналау-пьесаны аударған үшiн авторлық сыйақы төлтума туындыларының аудармасы үшiн белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi.
Тармақ 20
20. Музыкалық-драмалық туындыларды орындағаны үшiн авторлық сыйақының мөлшерлемелері сонымен бiрге туынды концерттiк орындауда қойылатын жағдайларда да қолданылады.
Тармақ 21
21. Музыкасын шетелдiк композиторлар жазған либреттолардың нұсқалары мен оперетталар, музыкалық комедиялар мен мюзиклдер мәтiндерiнiң жаңа сырлары аудармаларға теңестiрiледi.
Тармақ 22
22. Драмалық спектакльдерге арнап жазылған музыка үшiн төленетiн сыйақы музыкалық нөмiрлердiң санына, сондай-ақ музыканы әртiстер орындауына немесе дыбыстық жазуда орындалуына қарамастан әрбiр актiсi үшiн 1 пайыз мөлшерiнде есептеледi.
Тармақ 23
23. Егер концерттiк бағдарламада эстрадалық туындылармен қатар тым болмаса бiр iрi симфониялық туынды, не iрi көлемдi камералық туынды, не ұлттық аспаптарға арналған көп актiлi туындылар, не хореографиялық концерт орындалса, осындай концерттiк бағдарлама үшiн авторлық сыйақы сатылған билеттерден (симфониялық, вокалды-симфониялық және камералық шығармалар концертiне арналғандай) түскен жалпы соманың 7 пайызы мөлшерiнде есептеледi.
Тармақ 24
24. Егер жаңа жылдық шырша қойылымдары бағдарламасына драмалық немесе музыкалық-драмалық туынды енгiзiлсе, мұндай туынды үшiн авторлық сыйақы драмалық және музыкалық-драмалық туындылар үшiн көзделген мөлшерлемелер бойынша есептеледi.
Тармақ 25
25. Концерт пен билерден құралған бағдарлама үшiн кiру ақысы бiрдей болған кезде авторлық сыйақы эстрада концертiндей – түскен жалпы алым сомасының 4 пайызы мөлшерiнде есептеледi.
Тармақ 26
26. Көпшiлiк ареналарында (стадиондарда, спорт сарайларында, ипподромдарда және тағы сондайларда) өткiзiлетiн спорт жарыстарын, спортшылардың көркем өнер көрсетулерiн, ойын аттракциондарын, сән көрсетулерiн, көрмелердi, жәрмеңкелердi, фестивальдарды, конкурстарды және тағы басқа iс-шараларды музыкамен сүйемелдегенi үшiн, авторлық сыйақы Бұйрықпен бекітілген Туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерінің 24-тармағында белгiленген мөлшерлеме бойынша есептеледi. Егер көпшiлiк аренасында эстрадалық, цирк қойылымдары мен концерттер, драмалық немесе музыкалық-драмалық туындылар орындалса, олар үшiн авторлық сыйақы концерттер, драмалық немесе музыкалық-драмалық туындылар, сондай-ақ цирк қойылымдары үшiн белгiленген мөлшерлемелер бойынша есептеледi.
Тармақ 27
27. Осы алаңға кiргенi үшiн жеке ақы алмастан, алаңдарда (спектакльге дейiн немесе одан кейiн немесе үзiлiстер кезiнде театрлар фойелерiнде, кинотеатрлар фойелерiнде, дәмханаларда, мейрамханаларда, парктердегі, бақтардағы және стадиондардағы ашық алаңдарда және т.с.) көпшiлiк алдында орындалған туындылар үшiн авторлық сыйақы айлық есептiк көрсеткiштерде есептеледi.