Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Риддер Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық- бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы « 31 » шілдедегі № 642 қаулысына қосымша Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
Тармақша 1
1) мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстардың аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын құрылымдар;
Тармақша 3
3) Риддер қаласындағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері.