Об объявлении чрезвычайной ситуации на железнодорожном участке линии "Защита - Зыряновск" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Защита-Зырян" желісінің теміржол учаскесінде төтенше жағдай жариялау туралы Қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайларға, қорғаныс құрылғыларының апаттық жағдайына және "Защита-Зырян" желісінің ПК 588+60-тан ПК 590+60-қа дейінгі теміржол учаскесінде апаттар мен төтенше жағдайлардың пайда болу қаупіне орай, "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының Защита бөлімшесі филиалының 2004 жылғы 5-қаңтардағы № 02 хатына сәйкес адамдардың өлім қаупін, шаруашылық жүргізуші объектілерге келетін зиянды және материалдық шығындарды азайту мақсатында "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5-шілдедегі № 19-I Заңының 1, 13, 19 баптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Защита-Зырян" желісінің ПК 588+60-тан ПК 590+60-қа дейінгі теміржол учаскесінде, сондай-ақ оған шектес аумақта төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының басшылығына "Защита-Зырян" желісінің теміржол учаскесінде опырылып құлауға қарсы құрылғыларды салу жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.