Аудан әкімияты жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімияты жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 27 қаңтардағы "Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құру туралы" N 13 (мемлекеттік тіркеу N 130) шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Жарлығын орындау және отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің ауданның саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайлар туғызу мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімияты жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құрылсын және комиссия құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясы туралы Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Аудан әкімиятының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 200 "Аудан әкімияты жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құру туралы" қаулысы бұзылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімияты жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Аудандық әкімиятының 2004 жылғы 20» қаңтардағы N 7 қаулысына қосымша Аудан әкімияты жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімияты жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімияты жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясының ұсынымдары мен ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері
ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясының белгілеген басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі кешенді аудандық бағдарламаларды қалыптастыру;
Тармақша 2
2) отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, Заңдық және психологиялық қолдау жөніндегі өзге де іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық әлеуметтік саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайы, мәселелері жөніндегі ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 4
4) әйелдерді тарта отырып шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны іске асыруға қатысу;
Тармақша 5
5) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын қарауға қатысу;
Тармақша 6
6) көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға, мектепке жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссияның құзыретіне мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
Тармақша 8
8) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын, аспектілерін неғұрлым толық және объективті көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 9
9) өз құзыретінің шегінде барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтасу, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөнінде аймақтық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу.
Тарау 3. ІІІ. Комиссияның өкілеттігі
ІІІ. Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
Тармақша 1
1) өзінің отырыстарына әкімге тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) белгілеген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, материалдар және ақпарат сұратуға;
Тармақша 3
3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелеріне қатысты заңдарды бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізу туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақша 4
4) белгілеген тәртіппен комиссияның отырыстарын дайындауға;
Тармақша 5
5) әйелдердің арасынан кандидатураларын басшы лауазымдарға ұсынуға жәрдемдесуге;
Тармақша 6
6) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органдарға және аудандық ұйымдар мен мекемелерге статистикалық, талдаулық, әдістемелік және ақпараттық материалдар жолдауға құқылы.
Тармақ 5
5. Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініш арыздарын, бұқаралық ақпараттық құралдарының хабарламаларының қорытындысы бойынша, мәні бойынша шешім қабылдау үшін, тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымда тұлғаның қарауына материалдар жолдай алады.
Тарау 4. ІV. Комиссияның жұмыстарын ұйымдастыру
ІV. Комиссияның жұмыстарын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссия төрағадан, оның орынбасары мен мүшелерінен тұрады. Комиссияны аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары басқарады.
Тармақ 7
7. Комиссиялардың отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған санының қарапайым көпшілік даусымен қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысса құқық көші бар болып саналады. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияның қызметіне басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
Тармақша 3
3) Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша отырыстарға оның орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерінің қатарынан комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді.
Тармақша 5
5) Комиссия төрағасы оның жұмысы бойынша аудан әкіміне есеп береді;
Тармақша 6
6) әкімнің шешімінде көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.