Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по области Ұлытау Күшін жойған
Басқа 0
Ұлытау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабына, «Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ұлытау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері
Ұлытау облыстық мәслихатының
IV сессиясының
2023 жылғы 26 шілдедегі
№53
шешіміне қосымша
Ұлытау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері
№
Тұтынушылар атауы
Төлем мөлшері, теңге/текше метр
1.
Ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін
50
2.
Ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін
70