Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бап 1-тармағын және 10 шілде 2002 жылғы "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттер мен мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін беркіту туралы" N 3-4 (10 желтоқсан 2003 ж.) шешімі өз күшін жойды деп есептелінсін.
Тармақ 2
2. «Аудан аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі» жалғамаға сай бекітілсін (Ереже мәтіні жалғанды).
Басқа 3. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың
ережелері
Аудандық мәслихаттың
14 қаңтар 2004 ж.
N 4-8 шешіміне жалғама
Иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың
ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Ереже 10 шілде 2002 жылғы "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сүйеніп жасалды.
Тармақ 1-1
1-1. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін 2 аптаның ішінде міндетті түрде тіркелуге тиіс, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп, осы қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егуден өткізіліп, жергілікті мал дәрігерлік емханаларда паразиттік ауруларға қарсы алдын алу шаралары мен диагностикалық зерттеуден өтуге тиіс.
Тармақ 1-2
1-2. Тіркеу куәлігі болмаса көрмеге, басқа да байқауларға қатысуға тиым салынады.
Тармақ 1-3
1-3. Үй жануарларын сатып әкелу және әкету белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлігі болған жағдайда ғана ұлықсат етіледі.
Тармақ 1-4
1-4. Үй жануарлары жұқпалы ауруға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса Мемлекеттік ветеринариялық қызметінің шешімімен иесінен алынып бөлек ұсталады.
Тармақ 1-5
1-5. Барлық елді мекендерде иесіз иттерді, мысықтарды ұстап жою үшін арнаулы топтар жасақталып, олардың көлікпен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылады.
Тармақ 1-6
1-6. Бұл Ереже Қаратөбе ауданының барлық үй жануарлары иелеріне, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.
Тарау 2. 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
Тармақ 2-1
2-1. Үй жануарларын (ит, мысық) жайлы орындарда санитарлық жағдайда ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырып қалса ветеринарлық дәрігерге апаруға.
Тармақ 2-2
2-2. Мемлекеттік ветеринарлық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын (ит, мысық) байқау, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апару.
Тармақ 2-3
2-3. Үй жануарларын (ит, мысық) айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тиісті шаралар қолдануға, аулада иттерді байлап ұстауға, ескертпе белгілері болуды қамтамасыз етуге.
Тармақ 2-4
2-4. Адамды, малды ит қауіп алған жағдайда таяудағы медициналық, ветеринариялық мекемелерге хабарлап, иттерді ветеринариялық дәрігерге қаратуға, карантин қою үшін апаруға.
Тармақ 2-5
2-5. Үй жануарларының мүддесін кез келген жерге тастауға немесе көмуге болмайды, тек қана мал моласына апарылуы керек. Көлік жалдау шығындары мал иесінің есебінен өтеледі.
Тармақ 2-6
2-6. Азаматтардың денсаулығына, мүлкіне үй жануарларының (ит, мысық) келтірген шығыны мен зияны заңдарда белгіленген тәртіп бойынша үй жануарларының (ит, мысық) иелерінің есебінен өтеледі.
Тарау 3. 3. Ветеринария туралы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
3. Ветеринария туралы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Тармақ 3-1
3-1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы Заңдарының бұзылуына кінәлі үй жануарларының (ит, мысық) иелері Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес жауапты болады.