Аудан әкімияты жанынан СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімияты жанынан СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 9 ақпандағы "СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 38 (мемлекеттік тіркеу N 700) шешіміне сәйкес және СПИД-тің аудан аумағында таралуын болдырмауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімияты жанынан СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты жанындағы СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы "СПИД-пен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 54 шешімі, аудан әкімиятының 2003 жылғы 24 қарашадағы "Аудан әкімияты жанынан ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 172 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Аудан әкімияты жанынан СПИД-пен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 199 қаулылары бұзылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімияты жанындағы СПИД-пен
күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тасқала ауданы әкімиятының
2004 жылғы 20 қаңтардағы
N 6 қаулысымен бекітілді
Аудан әкімияты жанындағы СПИД-пен
күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы бөлім
1. Жалпы бөлім
Тармақ 1
1. СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі - аудан әкімияты жанындағы кеңесші орган ретінде әкім орынбасарының төрағалық етуімен құрылады (бұдан әрі - Кеңес). Жеке құрамы аудандық әкімияттың ұсынуымен аудандық мәслихат сессиясында бекітіледі.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімияты мен әкімінің актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен өзара байланыста жүргізеді.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты мен міндеті
2. Кеңестің мақсаты мен міндеті
Тармақ 4
4. Үйлестіру Кеңесінің негізгі мақсаты СПИД індетінің алдын алу мәселелері жөнінде мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау болып табылады.
Тармақ 5
5. Ауданда СПИД індетіне қарсы шаралар жоспарының орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асырылуын бақылау, осы мәселе жөніндегі мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қызметін ұйымдастыру, СПИД індеті дамуының алдын алуға бағытталған сауықтыру шараларын тиімді жүргізу, тұрғындардың түрлі топтарын, жалпы бүкіл тұрғындарды СПИД-тің алдын алу мәселелеріне мақсатты оқыту Кеңестің негізгі міндеті болып табылады.
Тарау 3. 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Үйлестіру Кеңесінің жұмысы жоспар негізінде құрылады.
Тармақ 7
7. Эпидемиологиялық ахуал мен нақты жағдайды ескере отырып, үйлестіру Кеңесі оперативтік жоспарларды дайындауға және іске асыруға құқылы.
Тармақ 8
8. Кеңестің мәжілістері кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі. Кеңестің мәжілісінде мәселелер жұмыс жоспары мен оперативтік жағдайға сәйкес қаралынады.
Тармақ 9
9. Мәселені қараудың қорытындысы бойынша осыған қатысты тұлғалар орындауға міндетті хаттамалық шешімдер қабылданады.
Тармақ 10
10. Олардың орындалуы бақылауға алынады.
Тармақ 11
11. Эпидемиологиялық шиеленіс жағдайда Кеңес оны шешуге арналған нақты шаралар қарап, қабылдайды.
Тармақ 12
12. Үйлестіру Кеңесінің төрағасы оның жұмысы бойынша аудан әкіміне есеп береді.
Тарау 4. 4. Кеңестің құқықтары
4. Кеңестің құқықтары
Тармақ 13
13. Кеңес өз қызметінде:
Тармақша 1
1) аудандық бөлімдер жетекшілері мен селолық округ әкімдерін СПИД-тің алдын алу және күресуге қатысты мәселелер бойынша тыңдауға;
Тармақша 2
2) мекемелерден, ұйымдардан, селолық округтерден СПИД індетіне қарсы іс-әрекеттер жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпараттар жинауға;
Тармақша 3
3) хаттама-қаулыларды дайындап, толықтай немесе қысқартылған түрде орындаушыларға жеткізуге құқылы.