Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, әкімшілік тосқауылдарды жою, келешегі бар идеяларды алға жылжыту және дамытуға кедергі жасайтын өзекті мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі ұсынылып отырған құрамда құрылсын (жалғама № 1).
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы Ереже беркітілсін (жалғама № 2).
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің құрамы аудандық Мәслихаттың сессиясына ұсынылсын.
Басқа 4. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің
құрамы:
Аудан әкімдігінің
15 қаңтардағы 2004 ж.
№ 13 қаулысына № 1 жалғама
Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің
құрамы:
Утегулов Арман Кәрімұлы - аудан әкімі, Кеңес төрағасы
Альжанов Рүстем Құсанұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Тойшыбаева Рысты Нұрлыбайқызы - аудан әкімі аппаратының
шағын, орта бизнесті дамыту
және экономика бөлімінің
меңгерушісі, комиссия
хатшысы
Мүшелері:
Сарсенғалиев Ерболат Нұрмұханұлы - "Қалдығайты" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
төрағасы
Нұрқожа Қайрат Сейтжанұлы - "Алтын дән" шаруа
қожалығының жетекшісі
Жұмағалиев Батырбек Құсанұлы - "Жолбарыс" шаруа
қожалығының жетекшісі
Шүйіншалиева Асима - жеке кәсіпкер (өз
келісімімен)
Табылдиев Берікқали Аманғалиұлы - "Сабынкөл" шаруа
қожалығының жетекшісі
Мусаева Гүлнар Орынбасарқызы - жеке кәсіпкер
Қожахметов Макар Жұмағұлұлы - "Макар" шаруа қожалығының
жетекшісі
Ержанова Алмагүл Бауыржанқызы - "Гүлрайхан" шаруа
қожалығының жетекшісі
Басқа 5. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің
15 қаңтардағы 2004 ж.
№ 13 қаулысымен № 2 жалғама
Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) мемлекеттік басқару органдарының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен тығыз байланыста болуына ықпал жасайтын, шағын және орта бизнестің басым бағытын анықтайтын консультативтік Кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Конституцияны, Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес кәсіпкерлерден, Заңды тұлғалардан құрылады және аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Кеңесті аудан әкімі басқарады.
Тарау 2. 2. Кеңестің міндеттері
2. Кеңестің міндеттері
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың аумақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға бағытталған басқа да нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыруға ықпал жасау.
Тармақ 2
2. Заңдарда белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің мүдделерін білдіру, Заңды құқықтарын қорғау және жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерін қабылдау кезінде олардың пікірлерін ескеру.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлердің және олардың қоғамдық бірлестіктерінің ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жоюға бағытталған бастамаларын қолдау.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
Кеңес өзінің міндеттеріне сәйкес:
Тармақ 1
1. Шағын бизнестің салалық, кәсіби және аумақтық одақтарымен, ассоциацияларымен, басқа да құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақ 2
2. Келісілген шешімдерді пысықтау үшін шағын бизнесті қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақ 3
3. Осы мақсатта тиісті органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, комиссияның бірлескен тақырыптық отырыстарын ұйымдастырады;
Тармақ 4
4. Заңдарда белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерліктің өкілдерін әкімнің шешімінің жобаларын дайындауға, шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын, іс-шараларын әзірлеуге, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі жасайтын өзекті мәселелерді шешуге тартады;
Тармақ 5
5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің, одақтарының, ассоциацияларының қатысуымен аумақтық өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге қатысады.
Тарау 4. 4. Кеңестің құқықтары
4. Кеңестің құқықтары
Кеңес өз қызметін жүзеге асыру үшін:
Тармақ 1
1. Заңдарда белгіленген тәртіппен Кеңестің жұмысына беделді кәсіпкерлердің, басқару органдары өкілдерінің және басқа да мамандардың қатарынан сарапшылар мен консультанттарды тартады;
Тармақ 2
2. Белгіленген тәртіппен атқарушы үкімет органдарынан қажетті ақпараттар, талдаулық, анықтамалық-статистикалық материалдар, сондай-ақ ведомстволық және нормативтік құқықтық актілер алады;
Тармақ 3
3. Қажеттілігіне қарай тұрақты істейтін сараптамашылар мен жұмысшы тобын ұйымдастырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
5. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Аудан әкімі аппаратының шағын, орта бизнесті дамыту және экономика бөлімі Кеңестің жұмысшы органы болады.
Тармақ 2
2. Аталған бөлім меңгерушісі Кеңестің хатшысы болады.
Тармақ 3
3. Кеңестің отырысын қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет Кеңестің төрағасы шақырады.
Тармақ 4
4. Кеңестің шешімі ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе қабылданған деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Тармақ 5
5. Кеңестің шешімі хаттамамен рәсімделіп, Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 6
6. Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде мазмұндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркелуі тиіс.