Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия туралы Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жыл 22 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" N 4176 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл 2 наурыздағы "Облыстың (Астана және Алматы қалалары) әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" N 194 қаулысына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның дербес құрамы заңда белгіленген тәртіпте аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің 1999 жыл 3 наурыздағы "Аудандық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құру туралы" N 20 шешімі, 2001 жыл 15 қаңтардағы N 1-3 а/ө "Аудандық отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы" өкімі, аудан әкімдігінің 2003 жыл 5 желтоқсандағы N 115 "Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шыныбековке жүктелсін.
Басқа 6
Аудан әкімдігінің 2004 жыл 16 қаңтардағы N 8 қаулысымен бекітілген
Тарау 1. 1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссияның ережесі
1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссияның ережесі
Тармақ 1
1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия аудан әкімідігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан әкімдігінің және әкімінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес іске асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы, облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның белгілі басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөнінде аудандық кешенді бағдарламаларды әзірлеу;
Тармақша 2
2) отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік, экономикалық, Заңгерлік және психологиялық қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) ұрпақ өсіру, сондай-ақ әйелдердің денсаулығын, аналық пен балалықты қорғау, отбасылардың тұрғылықты әлеуметтік экономикалық жағдай үрдісіне кешенді талдау жүргізу;
Тармақша 4
4) қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, әйелдер мен балалардың нақты жағдайының мәселелері жөніндегі ақпарат базасын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 5
5) жергілікті өкілді және атқарушы органдарда әйелдердің санын ұлғайтуға көмек көрсету;
Тармақша 6
6) шағын және орта бизнесті әйелдерді тартумен дамыту мәселелері бойынша жобаларды іске асыруға әзірлеуге және көмек көрсетуге қатысу;
Тармақша 7
7) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ұсыныстары мен жобаларын, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) шешімдерін қарауға қатысу;
Тармақша 8
8) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қолдауды іске асыруға, мектепте жаппай оқытуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөнінде өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға көмек көрсету;
Тармақша 9
9) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссия құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 10
10) ауданда отбасы, әйелдер мен балалар жағдайын неғұрлым толық және шынайы көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөнінде қайырымдылық акцияларын, конференцияларды, семинарларды, мәжілістерді өткізу.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілеттігі
3. Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыреті шеңберінде:
Тармақша 1
1) өз мәжілістерінде аудан әкіміне есеп беретін және бағынышты жергілікті атқарушы органдар басшыларын шақыруға және тыңдауға;
Тармақша 2
2) Комиссия қызметін іске асыру үшін қажет құжаттарды, материалдар мен ақпаратты белгіленген тәртіпте сұратуға;
Тармақша 3
3) тиісті жергілікті атқарушы органдар басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін Заңдарды бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулерді өткізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) функциялары бойынша сәйкес төменгі тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға;
Тармақша 5
5) әйелдер санынан басшылық лауазымдарға кандидатуралардың шығуына көмек көрсетуге;
Тармақша 6
6) отбасы, әйелдер мен балалар жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктерге және өзге де ұйымдарға статистикалық, аналитикалық, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдарды жіберуге;
Тармақша 7
7) қажет кезде тиісті жергілікті атқарушы органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына азаматтар өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын қарау қорытындысы бойынша шешімдер қабылдау үшін жіберуге құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметін аудан әкімдігі мен бекітілген қағида негізінде іске асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияны аудандық мәслихатпен келісілген төраға басқарады. Төраға өз орынбасарын және хатшысын тағайындайды.
Тармақ 7
7. Комиссияға негізінен жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ басқа да ұйымдар өкілдері енеді.
Тармақ 8
8. Комиссия мәжілістері қажет жағдайда, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 9
9. Комиссия мәжілістеріне қатысатын мүшелердің жалпы санының дауыс көпшілігімен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия мәжілісі, егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, құқықты деп саналады.
Тармақ 11
11. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 12
12. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін ұйымдастырады және басшылық жасауды іске асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия мәжілістерінің күн тәртібін құрастырады;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжілістерін шақырады және онда төрағалық етеді; (Комиссия төрағасы болмаған жағдайда мәжілістерде оның орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің біреуі төрағалық етеді);
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерінің арасынан мәжілістің күн тәртібіне енгізілген мәселені дайындауға жауаптыны анықтайды;
Тармақша 5
5) Аудан әкімі мен облыс әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия алдында есеп береді;
Тармақша 6
6) Аудан әкімі мен әкімдігі қарастырған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметін қамтамасыз ету
5. Комиссия қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 13
13. Комиссия қызметін ақпараттық-аналитикалық және ұйымдық қамтамасыз ету аудан әкімі аппараты құрылымдық бөлімшілерінің бірімен жүзеге асырылады.