Қолданыстағы ред. 16.01.2004

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы от 16.01.2004 г. № 9 (Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы)

0

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі №267 Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" 2000 жыл 20 сәуірдегі №377 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы №148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын.

2

2. Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.

3

3. Қоса беріліп отырған аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін.

4

4. Аудан әкімінің 2003 жыл 14 ақпандағы №7 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" (тіркеу №2007 05.03.2003 ж. "Сарыөзен тынысы" газеті 2003 жыл 1 мамыр №13) шешімінің күші жойылды деп, аудан әкімдігінің 2003 жыл 5 желтоқсандағы №121 «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шыныбековке жүктелсін.

6. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
2004 жыл 16 қаңтардағы
№ 9 қаулысымен бекітілген
Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

i. I. Жалпы ережелер

I. Жалпы ережелер

1

1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі аудан әкімдігі жанындағы ақыл-кеңес органы болып табылады. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2

2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

3

3. Кеңестің құрамын аудан әкімнің ұсынуы бойынша аудандық мәслихат сессиясында бекітіледі.

ii. IІ. Кеңестің негізгі мақсаты

IІ. Кеңестің негізгі мақсаты
Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеттері мыналар:

1

1. Аудандық атқарушы, құқық қорғау органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында құқық тәртібі мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету.

2

2. Аудандағы құқықтық жағдайды талдау, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарларын қарау және бекіту.

3

3. Ішкі істер бөлімі, прокуратура, кеден, салық және салық полициясы органдары қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметінің аясын дамыта түседі.

4

4. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс әкімі және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, атқарушы, құқық қорғау органдарының қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі орындаушылық мүмкіншіліктерін зерттеу.

iii. ІІІ. Кеңестің қызметі

ІІІ. Кеңестің қызметі
Кеңес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1

1. Кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының ауданда қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жағдайларын қарау.

2

2. Атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыруы жөніндегі басшыларының есебін тыңдау.

3

3. Кеңеске жүктелген өзге міндеттерді орындау.

iv. ІV. Кеңестің өкілеттілігі

ІV. Кеңестің өкілеттілігі
Кеңес негізгі жұмыстарды жүзеге асыру және өз міндеттерін орындауда мынадай құқыққа ие болады:

1

1. Атқарушы, құқық қорғау органдарынан ақпараттарды, құжаттарды сұрастыруға және алуға.

2

2. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу.

3

3. Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлерін Кеңестің мәжілісіне материалдарды әзірлеу үшін тарту.

v. V. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

V. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

1

1. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның мәжілісі ай сайын және қажеттігіне қарай өткізіледі.

2

2. Кеңес мәжілісін төраға немесе оның орынбасары өткізеді. Оған Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысса құқылы болады.

3

3. Кеңестің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, ол хаттамамен ресімделіп, оны төраға бекітеді.