Об утверждении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда, находящихся в доверительном управлении Национального Банка Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;
Тармақша 3
3) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
Тармақша 4
4) корпоративтік бағалы қағаздар;
Тармақша 5
5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;
Тармақша 6
6) жылжымайтын мүлік (Mortgage Backed Security) және активтер (Asset Backed Security) кепілдігіндегі бағалы қағаздар;
Тармақша 7
7) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;
Тармақша 8
8) РЕПО және кері РЕПО операциялары;
Тармақша 9
9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);
Тармақша 10
10) туынды қаржы құралдары;
Тармақша 11
11) құрылымдық өнімдер;
Тармақша 12
12) валюталар;
Тармақша 13
13) ақша нарығының қорлары;
Тармақша 14
14) құймадағы және металл шоттардағы алтын;
Тармақша 15
15) исламдық қаржыландыру құралдары.
Тармақша 16
16) балама құралдар;
Тармақша 17
17) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптeстіктердің акциялары мен үлестері (Special Purpose Vehicle);
Тармақша 18
18) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).
Тармақ 2
2. Қазақстанның қаржы құралдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
Тармақша 2
2) РЕПО және кері РЕПО операциялары;
Тармақша 3
3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттелген облигацияларын қоспағанда, борыштық бағалы қағаздары;
Тармақша 5
5) теңгемен, шетел валютасымен және алтынмен депозиттер (салымдар);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен және (немесе) кепілгерлігімен шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;
Тармақша 7
7) туынды қаржы құралдары;
Тармақша 8
8) құймадағы және металл шоттардағы алтын;
Тармақша 9
9) исламдық қаржыландыру құралдары;
Тармақша 10
10) квазимемлекеттік сектордың және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын қоспағанда, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;
Тармақша 11
11) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;
Тармақша 12
12) жылжымайтын мүлік (Mortgage Backed Security) және активтер (Asset Backed Security) кепілдігіндегі бағалы қағаздар.
Тармақша 13
13) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending). __________________________
Басқа 38. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 901 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 119 қаулысы. __________________________