Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Ауданда туберкулез ауруына қарсы күрес жұмыстарын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы от 16.01.2004 г. № 6 (Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы)
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі құрылсын.
2. Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
3. Қоса беріліп отырған туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін.
4. Аудан әкімінің 2001 жыл 19 наурыздағы № 35 а "Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" (тіркеу 02.07.2001 ж. № 931), 2003 жыл 22 мамырдағы № 23 "Аудан әкімінің "Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" 2001 жыл 19 наурыздағы № 35 а шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (тіркеу 5.06.2003 жыл № 2178) шешімдерінің күші жойылды деп, аудан әкімдігінің 2003 жыл 5 желтоқсандағы № 116 «Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Мендығалиевке жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2004 жыл 16 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен бекітілген
Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады (бұдан әрі - Кеңес).
2. Кеңестің құрамына денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, қаржы, ауылшаруашылығы, малдәрігерлік, білім бөлімдерінің өкілдері енеді.
3. Туберкулезбен күрес жөніндегі Кеңес:
1) туберкулезбен күресу жөніндегі ауданда атқарушы органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыруға қатысады;
2) жергілікті жерде алдын ала тексеру жүргізіп және жергілікті жердегі жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күресудің жай-күйі туралы денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, малдәрігерлік станциясы, ішкі істер бөлімі және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттарын тыңдайды.
4. Кеңес мәжілісі тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспарын Кеңес мәжілісі бекітеді.
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды аудандық денсаулық сақтау бөлімі жүзеге асырады.