СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Аудан аумағында ВИЧ инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы от 16.01.2004 г. № 5 (СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы)
1. Ауданда СПИД-пен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын.
2. Кеңестің құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
3. Қоса беріліп отырған СПИД-пен күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін.
4. Аудан әкімінің 2001 жыл 5 наурыздағы № 33 а "СПИД-пен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" (тіркеу 02.07.2001 ж. № 930), 2003 жыл 22 мамырдағы № 24 "Аудан әкімінің "СПИД-пен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы" 2001 жылғы 5 наурыздағы № 33а (тіркеу № 930) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (тіркеу 5.06.2003 ж. № 2177) шешімдерінің күші жойылды деп, аудан әкімдігінің 2003 жыл 5 желтоқсандағы № 120 «СПИД-пен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Мендығалиевке жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2004 жыл 16 қаңтардағы
№ 5 қаулысымен бекітілген
СПИД-пен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. СПИД-пен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі аудан әкімдігі жанында аудан әкімінің орынбасарларының төрағалық етуімен құрылады. Оның жеке құрамын аудан әкімінің ұсынуымен аудандық мәслихат сессиясында бекітеді.
2. Үйлестіру Кеңесінің негізгі мақсаты мен міндеті ауданда СПИД эпидемиясына қарсы әрекет жөніндегі шаралар жоспарының орындалуы мен іске асырылуын бақылау, осы мәселе жөніндегі атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыру болып табылады.
3. Үйлестіру Кеңесінің жұмысы жоспарға сәйкес құрылады.
Эпидемиялық жағдайдың өзгеруін ескеріп және нақты жағдайларға орай үйлестіру Кеңесінің жедел жоспарлар жасауға және оны жүзеге асыруына құқығы бар.
4. Кеңес мәжілісі тоқсанына 1 реттен сирек емес өткізіліп тұрады. Кеңес мәжілісінің мәселелері жұмыс жоспарына және оперативтік жағдайларға сәйкес қаралып отырылады.
Қараудың қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданады, ол қатысты адамдар үшін орындауға міндетті. Оның орындалуы бақылауға қойылады.
5. Эпидемия асқынған жағдайда Кеңес эпидемиялық жағдайды қарайды және қажетіне қарай оны шешу жөнінде нақты шаралар қабылдайды.
6. Үйлестіру Кеңесінің СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөніндегі жұмыстарға байланысты мәселелер бойынша, аудандық, селолық атқарушы органдардың, ведомстволар басшыларын тыңдауға құқығы бар.
7. Үйлестіру Кеңесінің төрағасы оның жұмысы бойынша аудан әкіміне есеп береді.