Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 1758 қаулысын және 2002 жылғы 1 тамыздағы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары туралы" № 149 (мемлекеттік тіркеу № 1749) қаулысын іске асыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды қоғамға жан-жақты және толық бірігуіне ықпал ету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы от 20.01.2004 г. № 4 (Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы)
1. Аудандық мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің құрамы құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
2. Аудандық мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3. Аудан әкімінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы" № 197 қаулысы бұзылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.
Тасқала ауданы әкімиятының
2003 жылғы 20 қаңтардағы
№ 4 қаулысымен бекітілді
Мүгедектердің ісі жөніндегі Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Мүгедектердің істері жөніндегі Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудандық әкімият жанындағы Кеңесші-мәжіліс органы болып табылады. Кеңес құрудың мақсаты мүгедектердің әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қызметтерін үйлестіру бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілердің және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Мүгедектердің мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұжымдармен бірге әрекеттестік ету.
2. Жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектікке жалғасатын аурудың алдын-алу, мүгедектердің оңалту, әлеуметтік қорғау, оқыту және кәсіптік оқыту, жұмыспен қамту мәселелері бойынша үйлестіру жөнінде нұсқаулар дайындау.
3. Мүгедектер мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
1. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырысын төраға немесе оның тапсырмасы бойынша орынбасары, қажеттілігіне байланысты, тоқсанына кемінде бір рет отырысқа жинайды. Кеңес отырысы жартысынан көп мүшелері болған жағдайда ғана заңды болып саналады.
2. Жұмысты ұйымдастыруды, қажетті іс қағаздарды дайындауды, Кеңес нұсқауларын әзірлеудің Кеңес хатшысы атқарады. Кеңес өз жұмысын қоғамдық алғы шарттармен, жоспарға сәйкес орындайды.
3. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы және Кеңес мүшелерінің жалпы санының көп дауысы берілген жағдайда ғана қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданады.
4. Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша протокол толтырылады, оған төрағаның қол қойылуымен хаттама құрастырылады.