Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия туралы Қолданыста
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 7 мамыр 1997 жылғы N 100-І "Азаматтық қорғаныс" Заңдарын басшылыққа ала отырып және ауданда төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды, бірыңғай тәсілдемелерді әзірлеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясы құрылсын.( №1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құрамы аудандық мәслихат сессиясына ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының ережесі бекітілсін.(№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Төтенше жағдайлар пайда болған кезінде, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және төтенше жағдайлардың алдын алуға, бейбіт уақыттағы жоспарға сай, аудандық медициналық бірлестігі (Б. А. Хамидуллин), аудандық ішкі істер бөлімі (А. Р. Үбішев), аудандық аумақтық басқарма (С. Б. Нұрмағанбетов) дайын тұрсын.
Тармақ 5
5. Селолық округ әкімдері төтенше жағдайлар пайда болған кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 18 желтоқсан 2003 жылғы "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия туралы" №118 қаулысы жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Қ. Жанғалиевке жүктелсін.
Басқа 8. Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі аудандық комиссия
құрамы:
Аудан әкімдігінің
2004 ж. 15 қаңтар
N 11 қаулысымен бекітілген
№1 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі аудандық комиссия
құрамы:
1. Альжанов Рүстем Құсанұлы - Аудан әкімінің
орынбасары,
комиссия төрағасы
2. Жанғалиев Қанат Бақытұлы - Әкім аппаратының
төтенше жағдай
жөніндегі бас
маманы комиссия
төрағасының
орынбасары
Мүшелері:
3. Табылдиев Асанғали Аманғалиұлы - Әскери комиссар
4. Үбішев Аманкелді Рашидұлы - Ішкі істер
бөлімінің бастығы
5. Хамидуллин Бауыржан Аманкелдіұлы - Аумақтық
медициналық
бірлестігінің
бастығы
6. Хасанов Қайыржан Төлегенұлы - "Еңбек Туы"
газетінің редакторы
7. Биялиев Асқар Идешұлы - Батыс Қазақстан
облыстық телекоммуникация дирекциясы
"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" ашық
акционерлік
қоғамының филиалы
Қаратөбе аудандық
торабының бастығы
8. Нұрмағанбетов Серік Базарұлы - Аумақтық басқарма
бастығы
9. Мырзагерей Хасанғали Ізғалиұлы - "Батыс Қазақстан
таратушы электрторабтары
компаниясы" ашық
акционерлік
қоғамының Қаратөбе
аудандық электрторабының бастығы
10. Мұхитов Абай Шыныбекұлы - Аудандық білім
бөлімінің
меңгерушісі
11. Жұманов Еркебұлан Бақытжанұлы - Аудан әкімдігінің
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорынының
бастығы
12. Тойшыбаева Рысты Нұрлыбайқызы - Әкім аппаратының
шағын, орта
бизнесті дамыту
және экономика
бөлімінің
меңгерушісі
13. Нұрмағанбетов Берік Базарұлы - Аудандық қаржы
бөлімінің
меңгерушісі
14. Жанахметов Аманкелді - Аудан әкімі
аппаратының шағын
орта бизнесті
дамыту және
экономика
бөлімінің бас
маманы - архитектор
Басқа 9. Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою туралы аудандық комиссиясының
ЕРЕЖЕСІ:
Аудан әкімдігінің
2004 ж. 15 қаңтар
N 11 қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою туралы аудандық комиссиясының
ЕРЕЖЕСІ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудан әкімдігінің комиссиясы (одан әрі - комиссия) консультациялық-кеңесші орган болып саналады және авариялар, апаттар, стихиялық және басқа да апаттар пайда болған төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған бірыңғай тәсілдер мен ұсыныстарды жасау үшін құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өз құзыретін басқармалармен, комитеттермен, департаменттермен, жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпорындармен және барлық меншік түріндегі ұйымдармен, сондай ақ қоғамдық ұйымдармен бірлесе жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақ 1
1. төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған бірыңғай тәсілдер мен ұсыныстар жасау;
Тармақ 2
2. апаттардан, стихиялық және басқа да пайда болған төтенше жағдайларда халық пен аймақтың қауіпсіздігін, қорғауын қамтамасыз етуіне бағытталған жүйелерді және басқа да шараларды құру;
Тармақ 3
3. төтенше жағдайлардың алдын алу және жою құралдары мен күштерін құруда бірыңғай техникалық саясатын жүргізу;
Тармақ 4
4. төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде ауданның халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған облыстық, мақсаттық және ғылыми техникалық бағдарламалардың жобаларын жете зерттеуін ұйымдастыру және осы бағдарламалардың орындалуының үйлестіру жұмыстары;
Тармақ 5
5. төтенше жағдайларда алдын алу мен әрекет жасау системасын жетілдіру мен одан әрі арттыру үшін негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия құқылы:
Тармақ 1
1. төтенше жағдайлардың алдын алу және жою аймағында төтенше жағдайлардың болдырмау үшін үйлестіруге ұсыныстар жасауға;
Тармақ 2
2. комиссия өзіне тиісті мәселелерді іске асыруда заңдылық тәртібіне сәйкесті жүзеге асыруға құқылы;
Тармақ 3
3. комиссияның қызмет бабына қатысы бар сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақ 4
4. төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия өз құзырлығына қарасты мәселелер бойынша түсініктер береді, талдау мен сараптау жасайды.
Тармақ 5
5. Комиссия төрағасын, оның орынбасары мен комиссия мүшелерін мәслихат сессиясы шешімімен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Төраға болмағанда, оның міндетін төраға орынбасары атқарады.
Тармақ 7
7. Комиссия өз құзыретін жұмыс жоспарына сай жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Жұмыс жоспарын комиссия төрағасы бекітеді.
Тармақ 9
9. Комиссияның отырысы тоқсан сайын болады.
Тармақ 10
10. Комиссияның шешімдері хаттама арқылы толтырылады;
Тармақ 11
11. Комиссияның қабылдаған шешімдері, қызметіне байланысты, ұсыныс түрінде болады;
Тармақ 12
12. Комиссия қаралып және шешіліп жатқан ең маңызды сұрақтары бойынша жүйелі хабарлап отырады.