Об объявлении чрезвычайной ситуаций техногенного характера местного масштаба на территорий села Жалпактал Казталовского района Күшін жойған
Басқа 0
Казталов ауданының, Жалпақтал ауылы аумағында
жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабы және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 2023 жылғы 31 шілдедегі №1.1-1/12 «Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының» хаттамасы негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Г.Алибеков тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.