Об утверждении Правил представления сведений биржами цифровых активов, а также иными участниками Международного финансового центра «Астана» о проведенных резидентами Республики Казахстан операциях на биржах цифровых активов и выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам от осуществления деятельности, связанной с цифровыми активами Күшін жойған
Басқа 0
Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 817 Бұйрықпен
бекітілген
Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 26-бабының 27-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралымәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;
Тармақша 3
3) цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;
Тармақша 4
4) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ АХҚО аккредиттелген өзге де заңды тұлғалар;
Тарау 2. 2-тарау. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мәліметтерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ АХҚО өзге де қатысушылары, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға өткізілген цифрлық активтер және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтермен байланысты әрекет үшін төленген сыйақылар туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жолдайды.
Тармақ 4
4. Осы қағидалардың 3-тармағымен қарастырылған мәліметтер уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта (Microsoft Excel форматында) басшысы немесе оның міндетін атқарушының адамның қолы қойылған ілеспе хатпен ұсынылады. Басшының міндетін атқарушы адаммен қол қойылған құжатпен жолданатын мәліметтерге міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың (өкімнің) көшірмесі қоса беріледі.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган алынған мәліметтерді салық әкімшілендіру барысында қолданады.
Басқа 1. 20___ жылдың _____ кезеніне Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар туралы мәліметтер
Цифрлық активтер биржалары,
сондай-ақ «Астана» халықаралық
қаржы орталығының өзге де
қатысушылары Қазақстан
Республикасының резиденттері
цифрлық активтер биржаларында
жүргізген операциялар және цифрлық
активтерге байланысты қызметті
жүзеге асырудан резиденттер мен
бейрезиденттерге төленген сыйақылар
туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
20___ жылдың _____ кезеніне Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар туралы мәліметтер
№
Клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Өткізілетін цифрлық активтің түрі
1
2
3
4
Кестенің жалғасы
Цифрлық активтер биржасында өткізілетін цифрлық активтің құны
Цифрлық активтер биржасында өткізілетін цифрлық активтің саны
Мәміле түрі (сатып алу/сату)
Мәміле жасалған күн
5
6
7
8
__________________________________ ____________
Басшының немесе оның міндетін қолы
атқаратын адамның тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Нысанға қосымша
Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме
1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;
2-бағанада цифрлық активтер биржасының клиентінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
3-бағанада клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
4-бағанада өткізілетін цифрлық активтің түрі көрсетіледі;
5-бағанада цифрлық активтер биржасында өткізілетін цифрлық активтің құны көрсетіледі;
6-бағанада цифрлық активтер биржасында өткізілетін цифрлық активтің саны көрсетіледі;
7-бағанада мәміле түрі (сату/сатып алу);
8-бағанада мәміле жасалған күн көрсетіледі.
Басқа 2. 20___ жылдың _____ кезеніне цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер
Цифрлық активтер биржалары,
сондай-ақ «Астана» халықаралық
қаржы орталығының өзге де
қатысушылары Қазақстан
Республикасының резиденттері
цифрлық активтер биржаларында
жүргізген операциялар және цифрлық
активтерге байланысты қызметті жүзеге
асырудан резиденттер мен
бейрезиденттерге төленген сыйақылар
туралы мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
20___ жылдың _____ кезеніне цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер
№
Клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Резиденттік
1
2
3
4
Кестенің жалғасы
Алынған сыйақы түрі
Алынған сыйақының құны
Алынған сыйақының саны
Сыйақыны алған күні
7
8
9
10
__________________________________ ____________
Басшының немесе оның міндетін қолы
атқаратын адамның тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Нысанға қосымша
Цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме
1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;
2-бағанада цифрлық активтер биржасының клиентінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
3-бағанада клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
4-бағанада резиденттік көрсетіледі;
5-бағанада алынған сыйақы түрі көрсетіледі;
6-бағанада алынған сыйақының құны көрсетіледі;
7-бағанада алынған сыйақының саны көрсетіледі;
8-бағанада сыйақыны алған күні көрсетіледі.