Об утверждении порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындар нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17522 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі және өкілдік шығындардың нормалары (бұдан әрі-Тәртіп) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын органдардың басшылары өкілдік шығындарға көзделген қаражатты бекітілген Тәртіпке сәйкес қатаң жұмсауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі және өкілдік шығындардың нормалары
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы «04» тамыз №139 қаулысына қосымша Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі және өкілдік шығындардың нормалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі және өкілдік шығындардың нормалары (бұдан әрі - Тәртіп) өкілдік шығындарға арналған қаражатты пайдаланудың тәртібі мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен өкілдік шығындардың нормаларын айқындайды.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығындар – бұл тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге көзделген қаражат. Өкiлдік шығындарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) автокөлікке қызмет көрсету;
Тармақша 2
2) аудармашылардың қызметтері;
Тармақша 3
3) ресми түскі ас, кешкі ас, фуршеттер;
Тармақша 4
4) кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу.
Тарау 2. 2. Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі
2. Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Өкілдік шығындарға облыстық бюджеттен қаражат бөлу іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі-Жоспар) негізінде, осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес өкілдік шығындар нормаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мынадай құжаттардың болуы өкілдік шығындарға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) іс-шараларды өткізу қажеттігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) іс-шараларды дайындау жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылар саны туралы деректер;
Тармақша 5
5) өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес әрбір шығын бабы бойынша есептері бар шығыстар сметасы және шығындар көлемін растайтын құжаттар (шығындар калькуляциясы, прайс-парақтар және өзге де құжаттар);
Тармақша 6
6) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның шығындар сметасы бойынша қорытындысы.
Тармақ 5
5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі іс-шаралар өткізілгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына бірінші басшының (оны алмастыратын тұлғалар) қолын қойдырып өкілдік шығындарға бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепті қосымшамен бірге ұсынады:
Тармақша 1
1) іс-шараны жүргізу үшін негіздеме, осы Тәртіптің 4-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген шығыстар сметасы мен құжаттар;
Тармақша 2
2) қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;
Тармақша 3
3) шығыстар сметалары бойынша нақты шығыстарды бекітетін құжаттардың көшірмелері (квитанциялар, шот-фактуралар, жүкқұжат, орындалған жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) бағасы мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің көлемін көрсетумен актілер, шарттар).
Тармақ 6
6. Өкілдік шығындар осы Тәртіптің қосымшасында көрсетілген өкілдік шығындардың нормаларын ескере отырып қалыптастырады.
Басқа 30. Өкілдік шығындардың нормалары
Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібі және өкілдік шығындардың нормаларына қосымша Өкілдік шығындардың нормалары р/с № Шығындардың атауы Құны теңгемен 1. Қабылдаулар өткізуге шығыстар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) делегациялар үшін күніне бір адам есебінен саналады 10 000 теңгеге дейін 2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамада қарастырылған қабылдаулар өткізуге шығыстар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) күніне бір адам есебінен саналады 30 000 теңгеге дейін 3. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шаралары кезінде фуршет қызметін көрсету күніне бір адамға есебінен, соның ішінде аудармашы мен еріп жүргендерді қосқанда 1 040 теңгеге дейін 4. Ауызша синхронды аударым қызметінің ақысын төлеу сағаттық төлем есебінен Мемлекеттік тілден орыс тілге және кері бағытта 15 000 теңгеге дейін Еуропалық тілдерден (ағылшын, француз, неміс, испан, итальян) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне 20 000 теңгеге дейін Шығыс тілдерден (түркі, араб, парсы, қытай, корея, жапон) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне 25 000 теңгеге дейін Басқа сирек тілдерден (жоғарыдағылардан өзгеше) мемлекеттік тілге және/немесе орыс тіліне 25 000 теңгеге дейін 5. Көлік шығындарын төлеу сағаттық төлем есебінен көзделеді жеңіл көліктер - 2 060 теңгеге дейін шағын автобустар – 2 700 теңгеге дейін автобустар – 3 400 теңгеге дейін іс-шараның деңгейіне қарамастан 6. Кәдесыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсыныстарының төменгісі 7. Басқа шығыстар ұсынылатын кем дегенде 3 (үш) баға ұсыныстарының төменгісі Ескерту:
Тармақ 1
1. Ресми қабылдаулар кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылар саны шетел делегациясы тарапынан қатысушылар санынан аспауы тиіс.
Тармақ 2
2. Делегация құрамы бес адамнан жоғары болса, еріп жүргендер мен қызмет көрсететін аудармашылар саны (синхронды аудармашыдан басқа) делегацияның кем дегенде бес мүшесіне бір еріп жүрген немесе бір аудармашы есебінен белгіленеді.