Об утверждении Положения о дипломатическом и приравненном к нему представительстве Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекiту туралы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-13) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Елшiлiгі туралы ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі N 832 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Басқа мемлекеттерде тiркелген Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлетті Елшiсiнiң негізгі мiндеттерi мен құқықтары туралы ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 833 Жарлығы.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1287 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірiлген өкiлдiгiнiң (бұдан әрi - өкiлдiк) мәртебесi мен өкiлеттіктерiн белгiлейдi.
Тармақ 1. 1. Жалпы epeжелep
1. Жалпы epeжелep
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Елшiлігі - Мемлекет басшысы жанында аккредиттелетін, Төтенше және Өкiлетті Елшi басқаратын, орналасқан мемлекетiнде Қазақстан Республикасының өкiлдiгiн жүзеге асыратын дипломатиялық өкiлдiк болып табылатын Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемесi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы - Сенiмдi өкiл басқаратын, орналасқан мемлекетiнде сыртқы iстер министрi жанында аккредиттелетін, Қазақстан Республикасының өкiлдiгiн жүзеге асыратын, дипломатиялық өкiлдiкке теңестірiлген Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемесi;
Тармақша 3
3) Халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкiлдігі - Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымда Қазақстан Республикасының өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Тұрақты өкiл басқаратын, дипломатиялық өкiлдiкке теңестiрiлген Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемесi;
Тармақша 4
4) орналасқан мемлекет - аумағында өкiлдiк орналасқан шетелдiк мемлекет.
Тармақ 2
2. Өкiлдiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы 18 сәуiрдегі Вена конвенциясының, Консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы 24 сәуiрдегi Вена конвенциясының ережелерiне, "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, орналасқан мемлекеттiң заңнамасын не халықаралық ұйымның ережелерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Өкiлдiк Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының негiзiнде құрылады, қайта ұйымдастырылады және өзiнiң қызметiн тоқтатады.
Тармақ 4
4. Өкiлдiк Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басқаратын дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттiк органдарының сауалдары мен қолдаухаттары өкiлдiкке Министрлiк арқылы ғана жеткiзiледi.
Тармақ 2. 2. Өкілдiктiң негiзгi мiндеттері, функциялары және құқықтары
2. Өкілдiктiң негiзгi мiндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 5
5. Өкiлдiктiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу; орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының өкiлдігі; орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының Егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымастығын қорғауды, оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық жолдармен және әдiстермен қамтамасыз ету; орналасқан мемлекетiнде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау.
Тармақ 6
6. Өкiлдiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының халықаралық саясат стратегиясын iске асыруға ықпал етеді;
Тармақша 2
2) орналасқан мемлекетінде не халықаралық ұйымда Қазақстан Республикасының бiрыңғай саяси желісін жүргiзудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) орналасқан мемлекетімен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Министрлiкке ұсыныстар береді;
Тармақша 4
4) орналасқан мемлекетiнiң мемлекеттiк органдарымен не халықаралық ұйыммен және оның шеңберiнде келiссөздер жүргiзедi және ресми байланыстарды қолдауға ықпал етеді;
Тармақша 5
5) орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы шеңберiнде мақсаттар мен қағидаттарды жүзеге асыруға, сондай-ақ шешiмдердi iске асыруға жәрдемдеседi;
Тармақша 6
6) орналасқан мемлекетімен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының келiссөздер жүргiзуiн және халықаралық шарттарға қол қоюды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) орналасқан мемлекетiне не халықаралық ұйымға iссапарға жiберiлген Қазақстан Республикасының ресми делегацияларына және өкiлдерiне жүктелген мiндеттердi орындауда оларға жәрдем көрсетедi;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғалары қатысатын iс-шараларды протоколдық-ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) орналасқан мемлекетi туралы ақпарат жинауды, орналасқан мемлекетімен Қазақстан Республикасының қарым-қатынасына, оның сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық қатынастар жүйесiндегi орнына талдау жасауды, сондай-ақ басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызметiн зерделеуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыруға қажетті ақпаратпен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы мен орналасқан мемлекетiнiң не халықаралық ұйымның арасында экономика, мәдениет, ғылым саласындағы және басқа да салалардағы достық және өзара тиiмдi қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық құқықтың нормаларымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпаратты орналасқан мемлекетiнде не халықаралық ұйымда таратады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы және орналасқан мемлекетi не халықаралық ұйым қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) орналасқан мемлекетінде тұрып жатқан отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi;
Тармақша 16
16) орналасқан мемлекетінде, сондай-ақ көршi мемлекеттерде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы орын алған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда оларды қауiпсiз жағдайға шұғыл эвакуациялауға дейiн Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгiн және Қазақстан Республикасы меншiгiнің сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестірудi жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, Министрліктен келіп түсетін дипломатиялық поштаның басқа шет елдердегі мекемелерге жеткізілуін ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) Министрлікке жеткізу үшін дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, сақтауды, ресімдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) дипломатиялық поштаның Министрлікке жеткізілуін ұйымдастырады;
Тармақша 20
20) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 21
21) дипломатиялық поштаны жеткізуге қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Өкілдік негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) қазақстандық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (бұдан әрі - мемлекеттік ұйымдар) өкілдіктері (өкілдері) мен филиалдарының, және олардың қызметкерлерінің орналасқан мемлекетіндегі қызметін үйлестіруге;
Тармақша 2
2) орналасқан мемлекетіндегі мемлекеттік ұйымдардан толық ақпарат беруді және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын қызметті келісуді талап етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3. 3. Өкiлдiктiң қызметiн ұйымдастыру
3. Өкiлдiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының елшiлiгiн Төтенше және Өкiлетті Елшi басқарады. Халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкiлдiгiн Тұрақты өкiл басқарады. Төтенше және Өкiлетті Елшiнi және Тұрақты өкiлдi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Сенiмдi өкiл басқарады.
Тармақ 9
9. Өкiлдiк басшысы болмаған уақытта оның функцияларын ол аға дипломат қызметкерлер қатарынан тағайындайтын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Елшiлiгiнде - Уақытша сенiмдi өкiл;
Тармақша 2
2) халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкiлдiгiнде - Тұрақты өкiлдiң мiндетiн атқарушы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясында - Сенiмдi өкiлдiң мiндетiн атқарушы орындайды. Егер Төтенше және Өкiлетті Елшiнiң, Тұрақты өкiлдiң не Сенiмдi өкiлдiң қызмет орны бос болса немесе егер Төтенше және Өкiлетті Елшi, Тұрақты өкiл не Сенiмдi өкiл өзiнiң функцияларын орындай алмайтындай болса, Қазақстан Республикасының Уақытша сенiмдi өкiлiн, Тұрақты өкiлдiң не Сенiмдi өкiлдiң мiндетiн атқарушыны Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi тағайындайды. Егер орналасқан мемлекетiндегi Төтенше және Өкiлеттi Елшi Тұрақты өкiл қызметiн қоса атқаратын болса, онда ол болмаған уақытта Уақытша сенiмдi өкiл немесе аға дипломат қызметкерлердiң бiрi Тұрақты өкiл мiндетiн атқарушы болып табылады. Уақытша сенiмдi өкiлдiң, Сенiмдi өкiлдiң не Тұрақты өкiлдiң мiндетiн атқарушының тегi орналасқан мемлекеттің сыртқы iстер министрлігіне немесе уағдаластық жасалған басқа министрлiкке не халықаралық ұйымға хабарланады. Уақытша сенiмдi өкiлдiң, Сенiмдi өкiлдiң не Тұрақты өкiлдiң мiндетiн атқарушы болмаған уақытта орналасқан мемлекеттегi не халықаралық ұйымдағы оның функцияларын өкiлдiктiң аға дипломат қызметкерлерiнiң бiрi орындайды.
Тармақ 4. 4. Өкiлдiк басшысының негiзгi мiндеттерi мен құқықтары
4. Өкiлдiк басшысының негiзгi мiндеттерi мен құқықтары
Тармақ 10
10. Өкiлдiк басшысы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру жөнiндегi мақсатты жұмысты жүргiзуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының және ұйымдарының құқықтары мен мүдделерiн барлық заңды жолдармен және әдiстермен қорғауға;
Тармақша 2
2) орналасқан мемлекетiнiң не халықаралық ұйымның iшкi және сыртқы саясатының мәселелерi бойынша Министрлікке ақпарат беруге;
Тармақша 3
3) орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) орналасқан мемлекетiнде өкiлдiкке, персоналға және олардың отбасы мүшелерiне халықаралық құқықтың нормаларына және орналасқан мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес берiлетiн артықшылықтар мен иммунитеттердi қамтамасыз ету жөнiнде қажетті шаралар қолдануға;
Тармақша 5
5) орналасқан мемлекетiнен тысқары жерлерге қысқа мерзiмдi қызметтiк iссапарларға шығуды Министрлiкпен келiсуге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілдіктің қаржылық және шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) өкілдікті қаржыландыру жоспары шегінде бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын, материалдық құндылықтардың нысаналы мақсатта пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, оған нұқсан келуінің алдын алу шараларын қабылдауға;
Тармақша 9
9) өкілдікте бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз етуге, өкілдік персоналының құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтауын және оларды өкілдіктің бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті қызметкеріне уақтылы ұсынуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарында, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында өзінің құзыретiне жатқызылған басқа да функцияларды орындауға мiндеттi.
Тармақ 11
11. Өкiлдiк басшысының:
Тармақша 1
1) берiлген өкiлеттiктер шегiнде халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлер жасауға;
Тармақша 2
2) орналасқан мемлекетімен не халықаралық ұйыммен екiжақты қатынастар мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) өкiлдiктiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк ұйымдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды белгіленген тәртiппен алуға;
Тармақша 4
4) өкiлдiктiң персоналын мемлекеттiк наградалармен марапаттау туралы, дәрежесi мен қызметiн өсiру туралы, мерзiмiнен бұрын елге қайтару немесе шетелдегi жұмыс мерзiмiн ұзарту туралы, тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныстарды Министрлiкке енгiзуге;
Тармақша 5
5) өкiлдiктi қаржыландыру жоспарында көзделген қаражаттың (шығыстың) лимитiне билiк етуге;
Тармақша 6
6) өкiлдiктiң қызмет мәселелерi бойынша бұйрықтар шығаруға, қызмет көрсетушi персоналмен еңбек қатынастарына байланысты мәселелер бойынша дербес шешiмдер қабылдауға, өкiлдiк персоналының жыл сайынғы ақысы төленетiн еңбек демалыстарының кестесiн бекiтуге;
Тармақша 7
7) жыл сайынғы ақысы төленетiн еңбек демалысы берiлген кезде жол жүрудi қоспағанда, Министрлiктiң келiсiмi бойынша өкiлдiк персоналының және олардың отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасына және басқа да мемлекеттерге қысқа мерзiмдi жол жүруiне рұқсат беруге құқығы бар.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі орналасқан мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының бас консулдықтарының, консулдықтарының, вице-консулдықтарының, консулдық агенттіктерінің, құрметті консулдықтарының және өзі аккредиттелген мемлекеттерде ашылған Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссияларының қызметіне басшылықты, сондай-ақ орналасқан мемлекетіндегі мемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестіруді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) өзінің қызметін өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен келісуге, өкілдіктің басшысына оның өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге, өзінің қызметі туралы оған ақпарат беруге міндетті;
Тармақша 2
2) өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен жұмыс жоспарларын келіседі, сондай-ақ өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен келісілген мерзімдерде олардың орындалуы туралы есептер береді.
Тармақ 13
13. Өкiлдiктiң басшысы Министрлiкке жолданатын ақпараттың объективтiлігі, дұрыстығы және толықтығы үшiн дербес жауапты болады.
Тармақ 5. 5. Өкiлдiктiң персоналы
5. Өкiлдiктiң персоналы
Тармақ 14
14. Лауазымдық міндеттері бойынша өкілдіктің персоналы дипломатиялық қызметтің қызметкерлері және дипломатиялық қызметтің жұмыскерлері болып бөлінеді. Дипломатиялық қызметтің қызметкерлерiне өкiлдiкте штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер жатады. Өкiлдiк қызметкерiнiң дипломатиялық мәртебесiн оған тиiстi дипломатиялық аккредиттеу карточкасын беру жолымен орналасқан мемлекетi растайды. Дипломатиялық қызметтің жұмыскерлерiне өкiлдiкте штаттық әкiмшiлiк-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер жатады. Өкiлдiк жұмыскерiнiң мәртебесiн оған тиiстi аккредиттеу карточкасын беру жолымен орналасқан мемлекетi растайды. Өкiлдiктің құрылымында өкiлдiк персоналының отбасы мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасының немесе орналасқан мемлекеттің азаматтары қатарынан жеке еңбек шарттары негізiнде қабылданатын қызмет көрсетушi персоналдың функциясын жүзеге асыратын адамдар болуы мүмкiн.
Тармақ 15
15. Өкiлдiктiң персоналы және олардың отбасы мүшелерi орналасқан мемлекетінде халықаралық құқықтың, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, халықаралық ұйымдар мен олар орналасқан мемлекеттерi арасында жасалған халықаралық шарттардың нормаларында, сондай-ақ орналасқан мемлекеттiң заңнамасында белгiленген иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланады.
Тармақ 16
16. Өкiлдiктiң персоналы өзiнiң қызметi үшiн жауапты болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылуы мүмкiн.
Тармақ 6. 6. Өкiлдiктiң құрылымы
6. Өкiлдiктiң құрылымы
Тармақ 17
17. Өкiлдiктiң құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлеген шет елдегi мекемелердiң штат саны лимитi шегінде және орналасқан мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен жасалған тиiстi уағдаластықтарды ескере отырып, Министрлiк бекiтедi.
Тармақ 18
18. Өкiлдiкте саяси, сауда-экономикалық, консулдық, баспасөз және ақпарат, iзгiлiк және мәдени байланыстар, референтура бөлiмдерi (топтары), қаржы-шаруашылық қызмет және басқалары жұмыс iстеуi мүмкiн.
Тармақ 19
19. Өкiлдiк бөлiмдерiнiң (топтарының) функцияларын және персоналының қызметтiк (функционалдық) мiндеттерiн өкiлдiк басшысы белгiлейдi.
Тармақ 7. 7. Еңбек қатынастары
7. Еңбек қатынастары
Тармақ 20
20. Өкiлдiктегi еңбек қатынастары халықаралық құқықтың нормалары және орналасқан мемлекетiнiң заңнамасы ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Тармақ 21
21. Өкiлдiктiң персоналына тәртіптік жаза қолданудың тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.
Тармақ 8. 8. Өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету
8. Өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 22
22. Өкiлдiктi қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен ғана жүзеге асырылады. Өкiлдiктi қаржыландыру жоспарын тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегiнде Министрлiк бекiтедi.
Тармақ 23
23. Өкiлдiк көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етіледi.
Тармақ 24
24. Өкiлдiк Министрлiкпен байланыс жасайтын жабық және ашық байланыс арналарымен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 25
25. Өкiлдiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi иемдену, пайдалану және оған билiк ету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.
Тармақ 26
26. Өкiлдiктiң персоналын материалдық, зейнеткерлiк және әлеуметтiк-тұрмыстық қамсыздандырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.
Тармақ 9. 9. Мемлекеттiк нышан
9. Мемлекеттiк нышан
Тармақ 27
27. Өкiлдiктiң ғимаратында, Төтенше және Өкiлетті Елшiнiң (Тұрақты өкiлдiң) резиденциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтерiледi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде және орналасқан мемлекетi (халықаралық ұйым) белгiлейтiн тiлде өкiлдiк нысаны (резиденция атауын) және Қазақстан Республикасына тиiстiлiгі көрсетiлген қалқан орнатылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары орналасқан мемлекеттiң (халықаралық ұйымның) протоколдық практикасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.