О Координационном совете по борьбе с туберкулезом при акимате Астраханского района Күшін жойған
Басқа 0
Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағының 17 тармақшасына және Ақмола облысы әділет басқармасында 2003 жылғы 10 қазанда 2046 нөмірмен тіркелген, Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № а-10/266 «Ақмола облысында туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама туралы» қаулысының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. № 1 қосымшаға сәйкес, Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күресті күшейту жөнінде Үйлестіру кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. № 2 қосымшаға сәйкес, Астрахан ауданы әкімдігінің жанынан туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күресті күшейту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Б.Собескийге жүктелсін.
Басқа 5
Аудан әкімдігінің
2003 ж. «22» желтоқсан
№319 қаулысына
№1 қосымша
Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің ҚҰРАМЫ
1.
Собеский
Виктор Борисович
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
2.
Тарасов
Анатолий Алекссевич
ауданның бас санитар дәрігері, төраға орынбасары (келісім бойынша)
3.
Жүсіпова
Айгүл Қайырқызы
аудандық қаржы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
4.
Сембаев
Нұрмұхамбет Айтқожаұлы
аудандық аурухананың бас дәрігері
5.
Гринчак
Любовь Константиновна
аудандық аурухананың фтизиатр дәрігері
6.
Забудько
Людмила Викторовна
аудандық білім бөлімінің бастығы
7.
Поплавский
Станислав Юлианович
аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы
8.
Айтмағамбетов
Ғинаят Тақанұлы
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
9.
Құсайынова
Қарлығаш Әйтімқызы
ішкі саясат бөлімінің бастығы
Басқа 6
Аудан әкімдігінің
2003 ж. «22» желтоқсан
№319 қаулысына
№2 қосымша
Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) кеңестік-мәжілістік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес құрамына аудандық білім, қаржы, ішкі істер, ауыл шаруашылық, ішкі саясат, аудандық аурухана бөлімдерінің өкілдері енеді.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша аудандық атқару органдарының қызметін үйлестіруге қатысады;
Тармақша 2
2) жергілікті жерлерде туберкулезге қарсы күресу жағдайы жөнінде іске асырылған шараларды алдын ала тексере отырып, білім, ауыл шаруашылық, ішкі істер, аудандық аурухана бөлімдері басшыларының ақпараттарын тыңдайды;
Тармақша 3
3) туберкулезге қарсы күресу жағдайын жақсарту жөнінде аудан әкімдігінің қарауына негізделген ұсыныстар енгізеді.
Тарау 3. 3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Кеңес – төрағасы, орынбасарлары және мүшелерінен құралады.
Тармақ 5
5. Кеңестің отырысын Кеңес төрағасы өткізеді. Кеңес төрағасы Кеңестің шешімдеріне және басқа құжаттарына қол қойып, отырысқа енгізілген мәселелерді анықтайды, басқа да ұйымдастыру-әкімшілік міндеттерін атқарады. Кеңестің төрағасы болмаған уақытта оның міндетін орынбасары атқарады.
Тармақ 6
6. Отырыс жарты жылда бір өткізіледі.
Тармақ 7
7. Кеңес мүшелері қарастырылған мәселелерге қатысып, талқылауға, ұсыныс енгізуге, ескертуге, ауылдық округ әкімдерімен, аудандық басқармалар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға құқықты.
Тармақ 8
8. Кеңес шешімі ұсыным ретінде шығарылады.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелерінің отырысқа өздерінің орнына тұлғаларды қатыстыруға құқықтары жоқ.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшелерінің отырыстарында шешімді көпшілік дауыспен қолдайды. Дауыс тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші маңызға ие болады.