О создании Совета по связям с религиозными объединениями Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 148-11 ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 б., 1 т., 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 "Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы" Қаулысына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 тамыздағы № ә-8/212 "Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы" қаулысын орындау үшін Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласы әқімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің дербес құрамы қалалық мәслихат сессиясының бекітуіңе ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес қызметін қамтамасыз ететін жұмысшы органы болып қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулыйың орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Ж.Н. Филитовичке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеуден еткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 7
1 қосымша Степногорск қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 7-1/16 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысына Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің құрамы Филитович Жаннета Николаевна - қала әкімінің орынбасары, Кеңестің төрайымы Қасен Базарайым Құлашқызы – ішкі әлеуметтік сала бөлімінің бастығы, Кеңес төрайымының орынбасары Құсаинов Саят Қылмиденұлы – ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы Кеңестің мүшелері: Илюшечкина Людмила Ивановна - әкімі аппаратының баспасөз- хатшысы Ким Андрей Олегович – ҰҚКД ҚБ қызметкері (келісім бойынша) Нұрбаева Клавдия Сергеевна – «Саттелит» МҰО төрайымы (келісім бойынша) Сәбитов Қуаныш – «Қазақстан мұсылмандардың діни басқармасы» мешіті филиалының имамы (келісім бойынша) Сағиев Тоқтамыс Серәліұлы - «Қазақстан тілі» ҚҰМО төрағасы (келісім бойынша) Шапорев Игорь Сергеевич – Мәскеу Әулие Тихонның приходының аға попы (келісім бойынша) Шынғысов Сәкен – ҚІІБ қызметкері (келесім бойынша)
Басқа 8
2 қосымша Степногоск қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № ә-1/16 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысына Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес (бұдан әрі-Қеңес) қала әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін облысының, қаланың мемлекеттік органдарымен, діни, өзге де қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатқа ие болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Кеңестің мақсаты , қала мен поселкелердегі мемлекеттік саясат мәселелері бойынша тұрғындардың дінге сену еркіндігін, қоғамдағы рухани келісімді нығайтуды және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) қала мен поселкелердегі діни жағдайды және оның даму тенделцияларын жан-жақты және әділ зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
Тармақша 2
2) қала мен поселкелердегі діни жағдайдың жай-күйі және дін ұстану бостандығы туралы заңнаманың сақталуы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын хабардар ету;
Тармақша 3
3) қала мен поселкелерде тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;
Тармақша 4
4) діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңмасына сәйкес консультативтік көмек көрсету.
Тармақ 7
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қала мен поселке аумағында құрылған діни бірлестіктердің және шетел миссионерлерінің қызметін зерттеп, олар туралы деректердің банкін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) азаматтардың дін ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік жұмысты жүргізеді;
Тармақша 4
4) басқа аудандардың тиісті ұйымдарымен байланыстар орнатады және оларды қолдап отырады;
Тармақша 5
5) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
Тармақ 8
8. Кеңесті қала әкімінің орынбасарларының бірі басқарады.
Тармақ 9
9. Кеңестің мәжілістері үш айда кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілісі, егер оның жұмысына кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі, Кеңестің шешімдері мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдігі кезінде Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 11
11. Мәселелерді пысықтау, мәжілістерді дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргізу үшін Кеңес өз мүшелері бірінің жетекшілігімен іс- қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады.
Тармақ 12
12. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:
Тармақша 1
1) қалалық басқармалар мен басқа да ведомстволардың, діни ұйымдардан Кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты пайдалануға;
Тармақша 2
2) Кеңес құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
Тармақша 3
3) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4. Кеңестін қызметін қамтамасыз ету
4. Кеңестін қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 13
13. Кеңестік құрамы қалалық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 14
14. Кеңестің жұмысын оның төрағасы басқарады. Кеңестің төрағасы болмаған кезде оның функциялары төрағасының орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Кеңес конфессиялар басшылары, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, қоғам өкілдері қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелері қоғамдық, жұмысты тегін атқарады.
Тармақ 16
16. Кеңес қызметін ұйымдық-аналитикалық қамтамасыз етуді оның Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Кеңес қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, әдістемелік және өзге де қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес мәжілісінде қабылданатын және оның төрағасы бекітетін жұмыс жоспары жөніндегі ұсыныстарды Кеңестің қарауына енгізеді;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілісінің күн тәртібін құрастырады;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілістерінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің өзара іс - қимылын ұйымдастырады, істі жүргізеді;
Тармақша 5
5) өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі
5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі
Тармақ 18
18. Кеңес өз қызметін қала әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.