Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Ауданның еңбек нарығындағы жағдайларды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жыл 23 қаңтардағы №149 Заңының 7, 20 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жыл 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары 1-қосымшадағы тізімге сәйкес азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша Ережесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру аудандық қаржы бөліміне (Т. Каюпов) тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (К. Садбеков) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2003 жыл 28 қаңтардағы №1 "Ауданда қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы" (24.02.2003 ж. №1975 "Сарыөзен тынысы" газеті 2003 жыл 1 сәуір №10) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Мендығалиевке жүктелсін.
Басқа 8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі:
Аудан әкімдігінің 2004 жыл 16 қаңтардағы N 1 қаулысына 1-қосымша Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі: NN Нысандардың аттары Адам саны 1 Казталов ауылдық округі бойынша 178 2 Тереңкөл ауылдық округі бойынша 54 3 Қараоба ауылдық округі бойынша 96 4 Қошанкөл ауылдық округі бойынша 74 5 Бостандық ауылдық округі бойынша 89 6 Бірік ауылдық округі бойынша 93 7 Мирон ауылдық округі бойынша 58 8 Қайыңды ауылдық округі бойынша 70 9 Жалпақтал ауылдық округі бойынша 190 10 Ақпәтер ауылдық округі бойынша 62 11 Қарасу ауылдық округі бойынша 98 12 Қараөзен ауылдық округі бойынша 59 13 Талдықұдық ауылдық округі бойынша 82 14 Талдыапан ауылдық округі бойынша 64 15 Көктерек ауылдық округі бойынша 89 16 Жаңажол ауылдық округі бойынша 79 17 Аудандық мәдениет бөлімі 4 18 Аудандық демалыс орталығы 7 19 Аудандық білім бөлімі 4 20 Аудандық орталық кітапхана 4 21 Жалпақтал ауруханасы 4 22 Аудан әкімі аппараты 5 23 Аудандық қаржы бөлімі 6 24 Аудандық мұрағат бөлімі 3 25 Аудандық комиссариат 4 26 Аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық 5 27 Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі 4 28 Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі 10 29 Аудандық зейнетақы төлеу орталығы 5 Барлығы: 1500
Басқа 9. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Аудан әкімдігінің 2004 жыл 16 қаңтардағы N 1 қаулысына 2-қосымша Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу.
Тармақ 3
3. Құрылыс материалдарын дайындау (саман, пеш тас және қамыс буу), иесіз қалған ғимараттарды құрылыс материалдарына бұзып алу.
Тармақ 4
4. Көмірмен жылытылатын әлеуметтік сала мекемелері үшін ауылдық округтерде қи дайындау.
Тармақ 5
5. Тарихи-мәдени ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру.
Тармақ 6
6. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме-кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру.
Тармақ 7
7. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық және мал санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу.
Тармақ 8
8. Мал және өсімдіктер аурулары мен шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 9
9. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 10
10. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты аспазшыға қосымша көмекші жіберу.
Тармақ 11
11. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау және оларды өртеп, кесіп бүлдіруден қорғау.
Тармақ 12
12. Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау.
Тармақ 13
13. Мал өлімдіктерін көметін ескі шұңқырларды жою шараларын ұйымдастыру.
Тармақ 14
14. Түрлі пайдасыз қалдықтарды жойып, залалсыздандыруды ұйымдастыру.
Тармақ 15
15. Ауыл маңындағы өзен көлдің бетіндегі мұз қабатының қатуына байланысты онда мекендейтін балықтарды сақтап қалу мақсатында ойық ою жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 16
16. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден сыпырушы, күзет ұйымдастыру.
Басқа 26. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және еңбекақы төлеудің уақытша ережесі
Аудан әкімдігінің 2004 жыл 16 қаңтардағы N 1 қаулысына 3-қосымша Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және еңбекақы төлеудің уақытша ережесі
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шарт негізінде анықталады. Келісім-шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жұмыссыздарға есептелген жалақыға Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарда белгіленген тәртіппен салық салынады және зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде төлем ұсталады.
Тармақ 4
4. Ауырлығына байланысты иесіз қалған ғимараттарды құрылыс материалдарына бұзу, құрылыс материалдарын (саман, пеш тас соғу, қамыс буу) дайындау жұмыстарына төменгі жалақыға қосымша 50 пайыз мөлшерінде үстемеақы төленеді.
Тармақ 5
5. Тас соғу жұмысына үстемеақы айына соғылған 2000 тасқа және тастың сапасына қарай төленеді.
Тармақ 6
6. Құрылыс салу, күрделі жөндеу, темір пісіру жұмыстарында мамандықтары бойынша қоғамдық жұмыс жасаушыларға 100 пайыз мөлшерінде үстемеақы төленеді.
Тармақ 7
7. Атқарылған жұмысқа жұмыс берушінің қабылдау актісі толтырылып ай сайын аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылады.
Тармақ 8
8. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес екі жақты жеке келісім-шарт жасасады және соның негізінде бұйрық береді немесе әкім шығарып жұмысқа алады.
Тармақ 11
11. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ауылдың округтер әкімдері, мекемелер басшылары әрбір айдың 25-не атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырады.