Об утверждении Правил проведения конкурса на определение юридического лица, осуществляющего функции администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 146) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында оның қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 8. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 2 тамыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 146) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – уәкілетті орган айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) уәкілетті орган өткізеді. Конкурс өткізу мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау комиссиясын (бұдан әрі – комиссия) құрады. Комиссияның құрамын және ережесін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның интернет-ресурсында және республикалық мерзімді баспасөз басылымында конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жарияланады. Конкурстың өткізілетіні туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның атауы және комиссияның орналасқан орны;
Тармақша 2
2) конкурстың өткізілетіні туралы толық ақпарат алу әдістері (байланыс телефондары, интернет-ресурс, е-mail);
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау мекенжайы және мерзімі;
Тармақша 4
4) конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны;
Тармақша 5
5) Қағидалардың 6-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі;
Тармақша 6
6) Қағидалардың 8-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныстың мазмұнына қойылатын шарттар.
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
Тармақша 2
2) Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сай келетін конкурстық ұсыныс;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
Тармақша 4
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі. Заңды тұлға қызметін «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10563 болып тіркелген) Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырғанда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады.
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 6-тармағына сай келмеуі оларды қайтаруға негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Конкурстық ұсыныс:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына сілтемені;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның орналасқан жерін;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) туралы мәліметтерді (туризм саласындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесін; туризм саласындағы заңды тұлғалардың бірлестігіндегі мүшелікті растайтын құжаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып);
Тармақша 4
4) заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді (туроператорлық және (немесе) турагенттік қызметтегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесін; туристік білімі туралы дипломның көшірмесін және шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы дипломның, сертификаттың, ресми сертификаттың көшірмелерін (бар болса) қоса бере отырып);
Тармақша 5
5) қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерімен қоса штат кестесін (қызметкерлердің туроператорлық және (немесе) турагенттік қызметтегі жұмыс өтілін, сондай-ақ шет тілін меңгергенін (шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы дипломның, сертификаттың, ресми сертификаттың көшірмелерін); туристік қызмет саласындағы шетелдік ұйымда тағылымдамадан өткені туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып);
Тармақша 6
6) заңды тұлғаның жоспарланған шығыстар сметасын қамтиды.
Тармақ 9
9. Конкурстық ұсыныс парақтары нөмірленген, тігілген түрде конвертте ұсынылады. Конкурстық ұсыныстың мәтінінде түзетулерге жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін конкурсқа қатысуға берілген өтінішті кері қайтарып алуға болады.
Тармақ 11
11. Заңды тұлғаның уәкілетті өкілі сенімхатты ұсынған жағдайда конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде қатысады.
Тармақ 12
12. Комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстың жеңімпазын белгілейді:
Тармақша 1
1) туризм саласындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) туралы ақпарат: 3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейін – 1 балл; 5 (бес) жылдан 7 (жеті) жылға дейін – 2 балл; 7 (жеті) жылдан 10 (он) жылға дейін – 3 балл; 10 (он) жыл және одан жоғары – 4 балл; құрылтайшысы Қазақстан Республикасының туризм саласындағы заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі болған жағдайда, қосымша 1 балл беріледі;
Тармақша 2
2) заңды тұлға басшысының туроператорлық және (немесе) турагенттік қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы: 3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейін – 1 балл; 5 (бес) жылдан 7 (жеті) жылға дейін – 2 балл; 7 (жеті) жылдан 10 (он) жылға дейін – 3 балл; 10 (он) жыл және одан жоғары – 4 балл; заңды тұлға басшысының туристік білімі болған (1 балл) және ол шет тілін білген (1 балл) жағдайда қосымша баллдар беріледі;
Тармақша 3
3) штатта туроператорлық және (немесе) турагенттік қызметте бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, шет тілін білетін қызметкердің болуы (1 балл); штатта мынадай: Қазақстан Республикасының туризм саласындағы заңды тұлғалар бірлестігінде жұмыс өтілі бар (1 балл); туристік қызмет саласындағы шетелдік ұйымда тағылымдамадан өткен (1 балл) қызметкер болған жағдайда қосымша баллдар беріледі;
Тармақша 4
4) заңды тұлғаның бір жылдан жоғары жұмыс тәжірибесі бар филиалының және (немесе) өкілдігінің болуы; мынадай бір жылдан жоғары жұмыс тәжірибесі бар: Қазақстан Республикасының қалаларында (әрбір филиал және (немесе) өкілдік үшін 1 балл); шет мемлекеттердің аумағында (әрбір филиал және (немесе) өкілдік үшін 1 балл) филиал және (немесе) өкілдік болған жағдайда қосымша баллдар беріледі.
Тармақ 13
13. Ең жоғары жиынтық балл жинаған заңды тұлға жеңімпаз болып танылады. Екі немесе одан да көп заңды тұлғада тең жиынтық балл болған кезде, комиссия мүшелерінің ең көп даусын жинаған заңды тұлға жеңімпаз болып танылады. Дауыстар тең болғанда, комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 14
14. Заңды тұлғаның конкурстық ұсынысы мазмұнының Қағидалардың 8-тармағының шарттарына сай болмауы конкурсқа қатысуға өтінішті қабылдамауға негіз болып табылады. Заңды тұлға оның конкурсқа қатысуға өтінішінің қабылданбағаны туралы жазбаша түрде хабардар етіледі.
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысуға берілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні конкурс өткізілетін күн болып айқындалады.
Тармақ 16
16. Конкурс өткізілген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурсты өткізудің қорытындылары туралы хаттама жасалады, оған комиссия төрағасы, хатшысы мен мүшелері қол қояды.
Тармақ 17
17. Конкурсты өткізудің қорытындылары туралы хаттаманың көшірмелері оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне жіберіледі.
Тармақ 18
18. Конкурсты өткізу қорытындылары туралы қол қойылған хаттаманың мәтіні уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 19
19. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтініштер болмаған немесе Қағидалардың 14-тармағына сәйкес комиссия оларды қабылдамағанда;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтініштер ұсынылғанда;
Тармақша 3
3) конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асырудан бас тартқанда, 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайталама конкурстың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тармақ 20
20. Егер «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, комиссияның шешіміне сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 56. Конкурсқа қатысуға өтініш
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларына қосымша Нысан Кімге ________________________ (уәкілетті органның атауы) кімнен _______________________ (заңды тұлғаның атауы) Конкурсқа қатысуға өтініш «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын. Осы өтінішке мыналарды қоса беремін: 1. ___________________________________________________________ 2. ___________________________________________________________ 3. ___________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ (қолы, күні) (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)