О дифференциации тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде саралансын:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.