Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров Күшін жойған
Басқа 0
Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.