Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг по сопровождению, системно-техническому обслуживанию и управлению проектами по развитию объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства» и Национального шлюза Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
«Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету және басқару бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету және басқару бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Еуразиялық экономикалық одақ интеграциялық процестері басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Басқа 1. «Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету және басқару бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
02.08.2023
№ 311/НҚ бұйрығымен
бекітілген
«Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету және басқару бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылға және мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін құру, дамыту, тестілеу, сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету.