Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба в котельной ГКП «Теплокоммунэнерго» города Семей области Абай Күшін жойған
Басқа 0
Абай облысы Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК қазандығында техногендік сипаттағы объектілік масштабты
төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 және 50-бабтарына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м. а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Семей қалалық комиссиясының жоспардан тыс отырысының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 8 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ғаббасов көшесі, 3 орналасқан «Ғаббасов» қазандығында орын алған апатқа байланысты, Семей қаласында техногендік сипаттағы объектілік масштабты төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 11 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.