Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения Күшін жойған
Басқа 0
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Жетісу облысы әкімдігінің
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 252 Қаулысына қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы
№
Үй-жайдың атауы
Орналасқан жері
1.
«Алакөл базары» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, № 28 бутик
Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі №82
2.
«Рынок» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 қатар
Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі №69
3.
«НұрИслам» дүкені
Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Бесбаев көшесі, № 29/3
4.
«Асыл Қазына» кітап дүкені
Талдықорған қаласы, Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданы, № 13/1 ғимараты