Об утверждении Типового положения о специальной комиссии Қолданыста
Басқа 0
Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8615 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 17 тамыздағы
№ 344 бұйрығына
қосымша
Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша астана, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 2
2) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тармақ 3
3. Комиссия астана, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қызметін бақылауды астана, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары
2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағының негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.
Тармақ 10
10. Астана, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады.
Тармақ 11
11. Жергілікті уәкілетті орган – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеті осы басқарманың, бөлімнің маманына жүктеледі.
Тармақ 12
12. Комиссия жергілікті уәкілетті органнан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 15
15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Үлгілік ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде жергілікті уәкілетті органға беріледі.
Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес бекітетін әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.
_________________
Басқа 0. Арнайы комиссияның қорытындысы
20___жылғы___ ______ №
Арнайы комиссиялар туралы
үлгілік ережеге
қосымша
нысан
Арнайы комиссияның қорытындысы
20___жылғы___ ______ №
Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік
көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өтінішін және оған қоса берілген
құжаттарды қарап, адамға
(отбасыға) мұқтаж болуына байланысты төмендегідей себептер бойынша:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.
Әлеуметтік көмек мөлшері _______ ________________ теңге.
(сомасы жазбаша)
Комиссия төрағасы:__________________________________________
Комиссия мүшелері:__________________________________________
______________________ ___________________
______________________ ___________________
______________________ ___________________
______________________ ___________________
______________________ ___________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен __ данада 20__ж. «__» ___ қабылданды
_______________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған жергілікті уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы
_____________