Об установлении водоохранных зон, полос водных объектов Алматинской области и специального режима их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39 және 116-баптарына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Алматы облысы әкімдігінің
2023 жылғы 17 тамыздағы № 278
қаулысына 1 қосымша
№
Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің атауы
Су объектілерінің
су қорғау аймағының ені, метр
Су объектілерінің
су қорғау белдеуінің
ені, метр
1
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-070-545; 03-045-093-209; 03-045-093-200; 03-045-227-005) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
2
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-093-169, 03-045-093-911) Ұзынқарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
3
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-227-539) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
4
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-099-260) Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауының) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
5
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-047-227-027, 03-047-227-057, 03-047-227-058, 03-047-227-059, 03-047-227-111, 03-047-227-118) Ақсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
90-200
35
6
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-193-018) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
550
55
7
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-099-332) Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
8
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-196-077) Қаскелең өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
100
9
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-093-1037,03-045-099-303)Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
10
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-047-277-034 Ақсай өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
11
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-044-193-236; 03-044-193-237) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
550
35
12
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-044-237-442, 03-044-237-424) Қаратұрық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
13
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-023-332 Бесағаш өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
14
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-051-146-288, 03-044-023-256 Талғар өзенінің (сол жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
15
Қырғауылды өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері (ПК-18 + 877 шегінде ПК-21+00 дейін оң жақ жағалауының кадастрлық нөмірі:
03-047-292-2987
500
35
16
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері:
03-045-010-1034, 03-045-003-805) Аққайнарсай арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
17
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-047-062-412, Ащыбұлақсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
500
35
Басқа 9
Алматы облысы әкімдігінің
2023 жылғы 17 тамыздағы № 278
қаулысына 2 қосымша
Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен
белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1)су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2)сушаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабында көрсетілген шарттарды ескере отырып қолданылады;
Тармақша 3
3)бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4)су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5)жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6)шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7)пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.