О переименовании коммунального государственного учреждения «Территориальный центр социального обслуживание пенсионеров и инвалидов Макатского района Атырауской области» государственного учреждения «Макатский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния» в коммунальное государственное учреждение «Территориальный центр социального обслуживание пенсионеров и инвалидов Макатского района Атырауской области» государственного учреждения «Макатский районный от Күшін жойған
Басқа 0
«Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын «Мақат аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі етіп қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» Кодексінің 42-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 04 тамыздағы № 115 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) етіп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Мекеменің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Утешоваға тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Ермағамбетовке жүктелсін.
Басқа 0. «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Аудан әкімдігінің
2023 жылғы «17» тамыздағы
№ 125 қаулысымен бекітілген
«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында, құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
Тармақ 3
3. Орталық 2017 жылғы 01 қарашадағы № 199 Атырау облысы, Мақат ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
Тармақ 4
4. Орталықтың құрылтайшысы «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Құрылтайшы) болып табылады.
Тармақ 5
5. Тиісті саланың органы,сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
Тармақ 6
6. Орталықтың толық атауы: «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. Орталықтың тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты, индекс 060603.
Тарау 2. 2. Орталықтың заңдық мәртебесі
2. Орталықтың заңдық мәртебесі
Тармақ 8
8. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекетік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 9
9. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 10
10. Орталық өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілділігіндегі ақшамен жауап береді. Орталықта ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 11
11. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Орталықтың қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Орталықтың қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 12
12. Орталық қызметінің мәні мүмкіндігі шектеулі балалардың және жалғызгілікті/ жалғыз тұратын/ зейнеткерлер мен мүгедекетерді, өмірлік қиын жағдайда жүрген тұлғаларды (отбасыларды) денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірлесе анықтап, олардың есебін жүргізу және арнаулы қызметтер көрсету болып табылады.
Тармақ 13
13. Орталық қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген стандарттағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар ересек мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға үйден арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
Тармақша 2
2) жартылай стационарлық жағдайда психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;
Тармақ 15
15. Орталыққа осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарға сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Орталық қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле басқару органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Орталықты басқару
4. Орталықты басқару
Тармақ 17
17. Орталықты жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Басқару органы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Басқару органы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) орталыққа мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) орталықтың мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) орталықтың ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 5
5) орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 6
6) орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Орталықтың құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, орталыққа берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мемекемде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
11) Осы Ереженің және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқару органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Орталық басшысы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, басқару органына тікелей бағынады (Қазақстан Респубдликасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Орталыққа жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 21
21. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталықтың қызметінің барлық мәселерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 22
22. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 23
23. Орталықтың қызметін жүзеге асыруы барысында Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) Орталықтың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Орталықтың қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
Тармақша 10
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Орталықтың өзге де басшы қызметкерлерінің мінедттері мен өкілетттік аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және басқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Орталықтың мүлкінің құрылу тәртібі
5. Орталықтың мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 24
24. Орталық мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
Тармақ 25
25. Орталықтың дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 27
27. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 28
28. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен басқару органы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Орталықтағы жұмыс тәртібі
6. Орталықтағы жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 8:00ден 18:00-ге дейін;
Үзіліс сағат 12:30 дан 14:00-ге дейін;
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі
Тармақ 30
30. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу басқару органының ұсынуы бойынша құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
Тарау 8. 8. Орталықты қайта құру және тарату шарттары
8. Орталықты қайта құру және тарату шарттары
Тармақ 31
31. Орталықты қайта құру және тарату аудан әкімінің келісімімен басқару органымен жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Орталық заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Орталықты қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның аппараты қайта бөледі.
Тармақ 35
35. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.