Об установлении ограничительных мероприятий на территории ИП/КХ «Гаспарян Б.» села Славенка Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Славен ауылының «Б.Гаспарян» ЖК/ШҚ аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 01-20/274 ұсынысы негізінде Қособа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының «Б.Гаспарян» ЖК/ШҚ аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарабалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналыстырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы ________________ М. Балмагамбетова КЕЛІСІЛДІ Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қарабалық ауданының Ветеринариялық станциясы» КМК басшысының м. а. _______________________ К. Султанов КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарабалық аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысының м.а. ________________________ С. Ибраева