Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инсекторының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 01-22/397 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының аумағында ұсақ қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін, осылайша: шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды алып өтуге (айдап өтуге), бұл аумаққа сау жануарларды тасып әкелуге (кіргізуге), союға жөнелту жағдайларын қоспағанда, осы аумақтан жануарларды тасып әкетуге (шығаруға), эпизоотиялық ошақтар белгіленген саламатсыз аумақта пішен, сабан және басқа да ірі азықтарды басқа аумаққа әкету үшін дайындауға, сондай-ақ жануарларды немесе адамдарды жинаумен байланысты іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Тимофеев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің м.а. басшысы ________________________ Л. Жунусова 2023 жылғы «____» __________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысы _______________________ А. Тайшыбаев 2023 жылғы «____» __________________