Об утверждении Положения об апелляционной комиссии Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 130) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Келісілді» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Келісілді» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 0. Апелляциялық комиссия туралы ереже
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрдің міндетін атқарушысы 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығына қосымша Апелляциялық комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 130) тармақшасына сәйкес әзірленді және апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзыреті шегінде өтініш берушілердің өтініштерін, оның ішінде олардың қатысуымен объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушы – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) өтініш – осы Ереженің 14-тармағына сәйкес уәкілетті органға берілген және Комиссияның құзыретіне жататын өтініш берушінің жазбаша өтініші;
Тармақша 3
3) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 4
4) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 5
5. Комиссия төрағадан және комиссия мүшелерінен тұратын алқалы орган болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмыс органы комиссияның қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – Жұмыс органы), оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, комиссия мүшелеріне жолданатын материалдарды дайындайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ ғалымдар болып табылатын Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшелері қатарынан қалыптастырылады және уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – ҰҒК) мүшелері комиссия құрамына кірмейді.
Тармақ 8
8. Комиссия құрамы кемінде 11 (он бір) адам тақ саннан тұрады.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, апелляциялық комиссия мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен сайланады. Комиссияның төрағасы өкілеттігінің мерзімі сайланған күнінен бастап 1 (бір) жылды құрайды. Бір адам қатарынан 2 (екі) мерзімнен артық апелляциялық комиссияның төрағасы бола алмайды.
Тармақ 10
10. Комиссия мүшелері өкілеттігінің мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 11
11. Комиссия мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда комиссияның жаңа мүшесі комиссия мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде сайланады (тағайындалады). Комиссияның жаңадан сайланған мүшесінің өкілеттігі комиссияның барлық мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталуымен бір мезгілде аяқталады.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және уәкілетті орган жұмыскерлерінің қатарынан тағайындалады.
Тармақ 13
13. Комиссия төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
Тармақ 14
14. Комиссия:
Тармақша 1
1) ҰҒК мүшелерінің әдеп кодексін сақтау мәселелерін;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді ҰҒК-нің қарау нәтижелері бойынша өтініштерді;
Тармақша 3
3) ҰҒК мүшелерінің жобалар (бағдарламалар) бойынша бағалау және дауыс беру рәсімін сақтамау мәселелерін қарайды.
Тармақ 15
15. Комиссия:
Тармақша 1
1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштерін;
Тармақша 2
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштерді;
Тармақша 3
3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштерді;
Тармақша 4
4) иесі бүркемеленген өтініштерді;
Тармақша 5
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;
Тармақша 6
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштерді қарамайды.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) оның қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) комиссия отырыстарының кестесін, сондай-ақ комиссияның бетпе-бет және (немесе) онлайн отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
Тармақша 3
3) комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) әрбір мәселені қарау кезінде комиссия мүшелерінің мүдделер қақтығысы туралы ақпаратты сұратады және мүдделер қақтығысы болған жағдайда комиссия мүшесін тиісті мәселе бойынша қараудан, талқылаудан және дауыс беруден уақытша шеттетуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін жұмыс органы орталықтың ақпараттық жүйесінде www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша жеке кабинетте көрсетілген ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тармақ 17-1
17-1. Орталық келіп түскен өтініштерді қалыптастырады және жұмыс органына өтінішті қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жұмыс күні ішінде жібереді.
Тармақ 18
18. Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін жұмыс органы олар орталықтан келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Ереженің 17-тармағындағы талаптардың сақталуы тұрғысынан тексереді. 18-тармақтың екінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 169 бұйрығымен. Өтініштер осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Комиссия оларды қараусыз қалдырады.
Тармақ 19
19. Комиссия келіп түскен өтінішті қарау кезеңінде ҰҒК шағымданған шешімін орындау тоқтатыла тұрады.
Тармақ 20
20. Комиссияның хатшысы комиссия отырыстарын өткізуді, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды жүзеге асырады, мүдделі тұлғаларды хабардар етеді және отырыс өткізілгеннен кейін шешімдер жобаларын ресімдейді.
Тармақ 21
21. Комиссия отырыстары оған мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
Тармақ 22
22. Комиссия отырысына қатысатын адамдарды комиссияның хатшысы тіркейді.
Тармақ 23
23. Комиссия мүшелері оның қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 24
24. Комиссияның шешімі отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 25
25. Комиссия мүшелерінің ғана дауыс беру құқығы бар.
Тармақ 26
26. Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін комиссия мүшесінің тікелей немесе жанама мүдделілігі немесе үлестестігі туындаған кезде комиссияның мүдделі (үлестес) мүшесі тиісті мәселені қарауға және талқылауға, сондай-ақ дауыс беруге қатыспайды және комиссияның басқа мүшелеріне ықпал етпейді.
Тармақ 27
27. Әрбір комиссия мүшесінің бір дауысы болады.
Тармақ 28
28. Дауыстар тең болған жағдайда түпкілікті шешімді комиссия төрағасы қабылдайды. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын отырысқа қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданатын комиссия шешімі бойынша комиссия мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Өтініштерді шағым жасалатын мәселелер шегінде комиссия қарайды.
Тармақ 30
30. Комиссия отырыстарда шағым жасалған шешімді қабылдаған ҰҒК төрағасы мен мүшелерін, сондай-ақ қарастырылып отырған өтініштің нысанасын нақтылау үшін конкурсқа қатысушыны тыңдауға құқылы.
Тармақ 31
31. Комиссия өтініштерді бетпе-бет немесе бейнеконференцбайланыс жүйелерін немесе өзге де осындай жүйелерді пайдалану арқылы өтініш материалдарын алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау форматы конкурсқа қатысушының өтініші негізінде айқындалады.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын өтініштерді комиссия Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының талаптарын сақтай отырып қарайды.
Тармақ 33
33. Комиссияға ұсынылатын материалдарды жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында консультациялар мен түсініктемелер алу үшін комиссия нақты ғылым саласындағы сарапшылар мен мамандарды тартады.
Тармақ 34
34. Комиссия өтініштерді:
Тармақша 1
1) ҰҒК шығарған шешімнің негізділігі, заңдылығы, объективтілігі және әділдігі;
Тармақша 2
2) есептерге, қысқаша мәліметтерге жүргізілген сараптаманың жан-жақтылығы, өзектілігі және халықаралық ғылыми деңгейлігі;
Тармақша 3
3) өтініште баяндалған фактілер мен наразылықтардың негізділігі;
Тармақша 4
4) бекітілген өтінімді қарау рәсімінің бұзылуы;
Тармақша 5
5) Әдеп кодексін бұзуы тұрғысынан қарайды.
Тармақ 35
35-тармақтың бірінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.04.2026 № 169 бұйрығымен. Комиссия отырысының бейнежазбалары жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде мерзімде орталықтың серверінде сақталады. Комиссия отырыстарының бейнежазбаларын санкцияланбаған тоқтатуға және түзетуге жол берілмейді.
Тармақ 36
36. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша комиссия мынадай негізделген, дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) өтінішті қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Тармақ 37
37. Комиссияның шешімі орталықтың цифрлық жүйесіндегі жеке кабинетте орналастырылады.
Тармақ 38
38. Комиссияның шешімдерін ҰҒК, уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін рәсімдеу тәртібі
3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін рәсімдеу тәртібі
Тармақ 39
39. Комиссия отырысының барысы қажетті құжаттар қоса беріліп, хаттамамен ресімделеді. Хаттаманы жүргізуді комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.
Тармақ 40
40. Хаттамада комиссияның құрамы, шақырылған адамдар, оның отырысының орны, уақыты мен күні, сондай-ақ Комиссия шешімі көрсетіледі.
Тармақ 41
41. Хаттама жобасы отырысқа қатысқан комиссия мүшелерімен 3 (үш) күн ішінде келісіледі.
Тармақ 42
42. Хаттамаға комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды. Комиссия қабылдаған шешімдер хаттамадан үзінді көшірме түрінде шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің және мүдделі лауазымды тұлғаның (лардың) назарына жеткізіледі. Комиссия отырыстарының хаттамалары жұмыс органында сақталады.
Тармақ 43
43. Бұрын қаралған және шешiм қабылданған өтiнiш қайта келіп түскен кезде жұмыс органы мұндай өтінішті қараусыз қалдырады, сондай-ақ комиссия отырысына шығармайды.
Тармақ 44
44. Комиссияның қарауы кезiнде конкурсқа қатысушы өтiнiштi қайтарып алған жағдайда жұмыс органы мұндай өтiнiштi қараусыз қалдырады.
Тармақ 45
45. Комиссия мүшелері өз функцияларын орындаған кезде алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер жария етілмейді.
Тармақ 46
46. Комиссияның өтiнiштердi қарау жөнiндегi өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және комиссия мүшелерiне қандай да болсын ықпал етуге жол берiлмейдi.
Тармақ 47
47. Егер өтініш беруші уәкілетті органның шешімімен келіспесе, онда оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне сәйкес шағым жасалуы мүмкін.