О переименовании юридического лица и об утверждении Положения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңды тұлғаның атауын өзгерту және Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №529 қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 тамыздағы №212 қаулысымен бекітілген «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, мүгедектігі бар және зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтендіру үшін қолжетімді жағдайлар жасау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мынандай ведомствасы бар: Түлкібас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Түлкібас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Түлкібас ауданының мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Түлкібас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір» және «Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Түлкібас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, Д.Қонаев көшесі №24А үй, индексі 161300.
Тармақ 10
10. Осы ереже «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіліктері
2. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіліктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: - халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, мүгедектігі бар және зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтендіру үшін қолжетімді жағдайлар жасау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - өз құзыреті шегінде лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратып алуға; - «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің қарамағындағы мекемелердің қызметін ұйымдастыруға; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға; - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету; - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 3
3) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарының қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді;
Тармақша 8
8) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;
Тармақша 9
9) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 12
12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
Тармақша 13
13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 14
14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 15
15) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
Тармақша 16
16) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 21
21) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
Тармақша 24
24) мемлекеттің кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) мүгедектігі бар және зейнеткерлік жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын сақтауына жәрдемдесу;
Тармақша 26
26) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру;
Тармақша 27
27) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 28
28) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен үйлестіру;
Тармақша 29
29) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік, бухгалтерлік бірінші қол қою құқығы бар құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-н қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: Түлкібас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Түлкібас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Түлкібас ауданының мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Түлкібас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір» және «Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Түлкібас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.